Қазақша   Русский

RSS-лента

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ ЕРЕЖЕСІ 
Жалпы ережелер

1.   «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ әкімнің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады. 

2.   «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3.   «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттiк мекеменің
ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4.   «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастар жасайды.

5.   «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6.   «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ өз құзыретiндегі мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен бұйрықтар түріндегі актілерді шығарады.

7.   «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ құрылымы мен штаттық санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8.   «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ заңды мекенжайы:      030002, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы,  Т.Ахтанов көшесі, 50.

9.   Мемлекеттiк органның толық атауы – «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ  қызметiн каржыландыру
жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

12. «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ функциялары болып табылатын міндеттерін орындау тұрғысында «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ кәсiпкерлiк субъектiлерiмен  шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер жергілікті бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ функциялары, негізгі міндеттері мен құқықтары

13. «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ негізгі міндеттері: қала әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық, құжаттамалық, материалдық-техникалық және басқалай қамтамасыз ету болып табылады.

14. «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1)     қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлеу;

2)     Республика Президенті мен Үкіметінің, облыс пен қала әкімдерінің және әкімдіктерінің актілері мен тапсырмаларының орындау үдерісіндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

3)     Республика Президентінің, Үкіметтің, облыс пен қала әкімдерінің және әкімдіктерінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау;

4)     облыс әкімінің аппаратына Республика Президенті мен Үкіметтің актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат дайындауды ұйымдастыру;

5)     әкімдіктік отырыстарын, қала әкімінің және оның орынбасарларының, әкім аппараты басшысының мәжілістерін әзірлеуді ұйымдастыру;

6)     қала әкімінің жергілікті өкілетті және атқарушы органдармен, қалалық және облыстық бөлімдермен және басқармалармен, департаменттермен және комитеттермен, саяси партиялармен және саяси қозғалыстармен, басқа да қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-әрекетін ұйымдастыру;

7)     қала әкіміне тікелей бағынатын мемлекеттік органдардың құрылымын жетілдіру, құру, тарату және қайта ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

8)     қала әкіміне есеп беретін мемлекеттік органдар мен ұйымдар кадрларымен жұмысты ұйымдастыру;

9)     қала әкімінің іс қағаздарын жүргізу, хат-хабарларды өңдеу, құжаттар айналымын талдау;

10) қызмет бабындағы құжаттарды, хаттарды және өтініштерді қарау, азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

11) әкімнің және оның орынбасарларының қызметін қаржы-шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

12) қала әкімінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында көрсету, олардың әкіммен өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру;

13) қала әкімінің тапсырмасы бойынша соттарда оның мүдделерін қорғау, прокурорлық ықпал ету актілерін қарау;

14) «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ заңнамамен жүктелген басқа да функциялар мен міндеттер;

15) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілері, оның ішінде тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзыреттеріне ұқсас шешімдер қабылдау, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асырады.

15.  Құқықтары мен міндеттері:

1)   қаланың мемлекеттік мекемелерінің қарамағындағы ақпараттық материалдарды пайдалану;

2)   «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және басқа ұйымдармен қызмет бабындағы хат алмасуды жүргізу;

3)   қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларына сараптама жасауды ұйымдастыру;

4)   мүдделі мемлекеттік органдармен бірге қала әкімі актілерінің жобаларын келісудің болуын бақылау және ол болмаған жағдайда тиісті жобаны келісу үшін қайтару;

5)   әкімнің шешімін талап етпейтін мәселелер жөніндегі хат-хабарларды тиісті мемлекеттік органдарға жолдау және қайтару;

6)   Республика Президенті, Үкімет, облыс және қала әкімдерінің актілері мен тапсырмаларының орындалуына тексеру жүргізуге қатысу;

7)   заңмен белгіленген тәртіпте қала әкімі тағайындайтын немесе оның келісімімен тағайындайтын мемлекеттік мекемелер мен жергілікті атқарушы органдар басшыларының Республика Президентінің, Үкіметтің, облыс және қала әкімдерінің актілері мен тапсырмаларын орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауапкершілігі туралы ұсыныстар енгізу;

8)   қала әкіміне есеп беретін мемлекеттік органдардың алқалы отырыстарына қатысу;

9)   қала әкіміне есеп беретін мемлекеттік органдар мен  өзге ұйымдардың лауазымды тұлғаларын қаралатын мәселелер бойынша түсіндірме беру үшін шақыру;

10)  заңға сәйкес басқа құқықтарды жүзеге асыру. 

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ
қызметін ұйымдастыру

16. «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ басшылықты аппаратқа жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін дербес жауапкершілік алатын басшы жүзеге асырады.

17. «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ басшысын заңнамамен белгіленген тәртіпте қала әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

18. «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ басшысы:

1)  қала әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді, олардың функциялары мен өкілеттіктерін белгілейді;

2)  әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің өзара байланысын реттейді;

3)  әкімге шешімдердің, өкімдердің жобаларын қол қоюға және қарауға, сол сияқты, әкімге бағытталған құжаттар мен материалдарды ұсынады;

4)  қала әкіміне әкімшілік мемлекеттік қызметшілер санатына жататын қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға конкурстар жариялау туралы, көтермелеу, тәртіптік жаза белгілеу және кадрларды алып отырған лауазымдарынан босату туралы ұсыныстар енгізеді;

5)  қала әкімінің аппаратындағы ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

6)  «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқауларды бекітеді;

7)  қызметтік құжаттарға қол қояды;

8)  мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ атынан өкілеттік етеді;

9)  «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ әкімшілік-шаруашылық қызметін бақылауды іске асырады;

10) заңға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

          «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ басшысы болмаған кезеңде,  оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

19. «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымына тағайындалатын және лауазымынан босатылатын басшысымен басқарылады.

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ мүлкі

20. «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ оқшауланған мүлікті жедел басқару құқығы бар.

         «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналым қаржысынан, сондай-ақ құны «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ балансында көрсетілген өзге де мүліктен тұрады.

21. «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ болып табылады.

22. «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке  жатады.

23. «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ оған бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен алуға немесе өзге де тәсілмен жұмсауға құқығы жоқ.

«Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ қайта ұйымдастыру және тарату

24. «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50