Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе қаласы әкімінің

2017ж. 17 ақпандағы

№78ө өкімімен

«БЕКІТІЛДІ»

 

Ақтөбе қаласының әкімі, оның орынбасарлары мен

қала әкімі аппараты басшысының арасындағы міндеттерді

БӨЛУ

Қала әкімі – І.С. Испанов

Қала аумағында мемлекеттік саясат жүргізуді тікелей қамтамасыз етеді.

Қалалық әкімдікке және қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылық жасайды, олардың келісімді қызметін қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынаста қала мүддесін қорғайды.

Азаматтар мен қалалық ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясымен заңдарын, ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың құқықтық – нормативтік актілерін орындауына ықпал етеді.

Қала дамуының жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын жасауды, қалалық бюджеттің орындалуын ұйымдастырады.

Қала аумағында инвестициялық ахуал мен кәсіпкерлік қызметтің дамуы үшін жағдайлар жасайды. Қала аумағында қауіпсіздікті, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Қала құрылысы кеңесінің қызметін үйлестіреді және басшылық жасайды.

Салық және басқа міндетті төлемдердің бюджетке түсуіне ықпал етеді.

Қаланы басқару сызбасын және ведомствоаралық сипаттағы мәселе бойынша кеңес беру – мәжілістік органдардың дербес құрамдарын қалалық мәслихатқа бекітуге ұсынады.

 

Қала әкімінің бірінші орынбасары – Ж.Б. Баирханов

Мәселелер:

  1. аулаларды жөндеуді ұйымдастыру;
  2. мемлекеттік тұрғын үй қоры үйлерін салу;
  3. инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысы;
  4. жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын салуды және қалпына келтіруді, күрделі жөндеу жүргізуді ұйымдастыру;
  5. сәулет және қала құрылысы қызметінің;
  6. жерді аймақтарға бөлу және жер-шаруашылық ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
  7. автокөлік және автокөлік инфрақұрылымын дамыту саласындағы кәсіпорындардың қызмет етуін, қалаішілік қоғамдық жолаушылар тасымалын, жол қозғалысы қауіпсіздігін ұйымдастыру;
  8. Ақтөбе қаласы аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруды бақылау;
  9. мемлекеттік-жеке әріптестіктің жобаларын жүзеге асыру және сүйемелдеу;
  10. бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асатын жобаларды үйлестіру.

Қызметін үйлестіру:

  1. «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ;
  2. «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ;
  3. «Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ;
  4. «Ақтөбе қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ;
  5. «Ақтөбе қаласының жолаушылар автокөлік кәсіпорны» ЖШС;
  6. «Тазалық» КМК.

Қалалық телефон стансасының және байланыс кәсіпорындарының, қалалық электр желілері, «Трансэнерго» АҚ, «Ақбұлақ» АҚ, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ, «КазТрансГазАймак» АҚ қызметін үйлестіру.

Басшылық жасау:

  1. жер қатынастарын реттеу және жер учаскесіне құқық беру бойынша комиссияға.
  2. Ақтөбе қаласы әкімдігі жанындағы» Ақтөбе қаласының қала құрылысы кеңесі» консультативтік – кеңестік органға.

Басшылық жасайтын бағыттары бойынша мемлекеттік сатып алу мәселелерін талдау және үйлестіру.

Басқа да қалалық және облыстық мемлекеттік органдармен, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың бөлімшелерімен оларға жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында өзара қарым-қатынас жасау.

 

Қала әкімінің орынбасары – Ж.Ж. Зине

            Мәселелер:

  1. әлеуметтік-экономикалық және бюджеттік жоспарлау және олардың орындалуы (әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге мониторинг);
  2. коммуналдық меншіктің есебін жүргізу және дамыту;
  3. салық-бюджет саясатын жүзеге асыру, мемлекеттік бюджеттің салық базасын көбейту және қала экономикасының өсу резервін іздестіру;
  4. кәсіпкерлікті қолдау және дамыту;
  5. инвестициялар тарту және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру;
  6. агломерация аумағындағы агломерациялық процестерді дамыту;
  7. қалада қаржы-несие саясатын жүзеге асыру, бұл мәселе бойынша қаладағы қаржы-несие ұйымдарымен қарым-қатынас;
  8. аумақтың статистика органдарымен кәсіпкерлердің, шағын және орта бизнес субъектілерінің әлеуметтік-экономикалық және өндірістік көрсеткіштерін орындауы туралы есеп және есеп беруді жүргізуі бойынша қарым-қатынас (олардың орындалуы бойынша талдау және мониторинг жүргізу);
  9. сауда және баға саясаты;
  10. ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері мен тауар өндірушілердің сату көрмелерін ұйымдастыру және өткізу;
  11. белгілі бір салада басымдыққа ие табиғи монополия субъектілері мен кәсіпорындардың тарифтік саясаты;
  12. ауылдық округтер аумағын және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту;
  13. коммуналдық тұрғын үйлердің мониторингі;
  14. мемлекеттік жеке әріптестік шеңберінде инвестицияларды тарту және жобаларды жүзеге асыру;
  15. ақпараттық технологияларды және ақпараттық қауіпсіздікті дамытуды үйлестіру.

            Қызметін үйлестіру:

  1. «Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ;
  2. «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» ММ;
  3. «Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ;
  4. Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының;
  5. ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары;
  6. аумақтық жергілікті өзін-өзі басқару кеңестерінің.

            Басшылық жасау:

  1. қалалық бюджетке салықтар мен түсімдердің толық түсуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобына;
  2. Ақтөбе қаласы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік сұрағы бойынша сараптамалық кеңеске;

Басшылық жасайтын бағыттары бойынша мемлекеттік сатып алу мәселелерін талдау және үйлестіру.

Басқа да қалалық және облыстық мемлекеттік органдармен, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың бөлімшелерімен оларға жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында өзара қарым-қатынас жасау.

 

Қала әкімінің орынбасары – Л.А. Оразбаева

Мәселелер:

  1. қорғаныс, жалпы әскери міндетті орындау, әскери есепке алу және әскери қызметке шақыру бойынша іс-шараларды, сондай-ақ азаматтық қорғанысты ұйымдастыру;
  2. қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, тұрақты тұратын орындары жоқ адамдарға арналған әлеуметтік адаптациялық орталығының қызметін үйлестіру;
  3. білім беру, мектепке дейінгі балалар тәрбиесі және оқыту, міндетті тегін орта білім берумен қамтамасыз ету;
  4. әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру, ана мен баланы қорғау, қайырымдылық көмекті үйлестіру, тұрғындарды жұмыспен қамту;
  5. мәдениет және спорт, мәдениет мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтау, мәдени-сауықтыру және қалалық кітапханалардың жұмыстарын қолдау, ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту, қалалық деңгейде спорттық жарыстар өткізу, спорттың әртүрлі түрлері бойынша қаланың құрама командаларының мүшелерін дайындау және қатыстыру;
  6. бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу, мемлекеттік тіл мен Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамыту;
  7. жастар саясатын жүргізу;
  8. ауылдық округтердегі мектеп оқушыларын тегін тасымалдауды ұйымдастыру;
  9. мемлекеттік қызметтер көрсетуді бақылау;
  10. облыстық маңызы бар қалаға, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша қажетті материалдарды Ақтөбе қалалық мәслихатының қарауына енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
  11. Ақтөбе қаласы аумағында сыртқы әлеуметтік (көрнекі) жарнаманы орналастыруды бақылау;
  12. азаматтық хал актілерін тіркеу.

Қызметін үйлестіру:

  1. «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ;
  2. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ;
  3. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ;
  4. «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ;
  5. «Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ;
  6. «Ақтөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ;
  1. «Ақтөбеи қаласының жұмыспен қамту Орталығы» ММ;
  2. Ақтөбе қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының;
  3. зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық қалалық бөлімінің;
  4. Ақтөбе қаласының әлеуметтік көмек орталығының;
  5. Ақтөбе қаласының тұрақты тұратын орындары жоқ адамдарға арналған әлеуметтік адаптациялық орталығының;
  6. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағы» МҚК;
    1. Ақтөбе қаласының ІІБ жергілікті полиция қызметінің.

Басшылық жасау:

  1. қала әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияға;
  2. кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияға;
  3. қылмыстың алдын алуға және болдырмауға ықпал ететін, қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды марапаттау жөніндегі комиссияға;
  4. қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген және қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазасын өтеп жүрген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органға;
  5. «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» Бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі бойынша комиссияға;
  6. әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үш жақты комиссияға;
  7. өмірлік қиын жағдайлардың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша арнайы комиссияға;
  8. Қазақстандық жауынгерлердің жерленген жерлеріне бару жол ақысы үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы комиссияға;
  9. Ақтөбе қаласының ауылдық елді-мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау туралы комиссияға;
  10. 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында                         6 айдан кем емес жұмыс атқарған тұлғалардың еңбек өтілін белгілеу жөніндегі арнаулы комиссияға;
  11. Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу бойынша жұмыстарды реттеу жөніндегі арнаулы комиссияға;
  12. алқабиге кандидаттарды таңдау рәсімін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссияға;
  13. аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік жағдайын тексеру мен жақсарту және жедел атаулы көмек көрсету мәселесі жөніндегі жұмыс тобына;
  14. мүгедектер ісі жөніндегі кеңеске;
  15. Ақтөбе қаласының әкімі жанындағы жастар ісі және патриоттық тәрбие беру жөніндегі кеңеске;
  16. Ақтөбе қаласында тілдерді қолдану және дамыту мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесіне;
  17. мемлекеттік наградалар және «Ақтөбе қаласының құрметті азаматы» атағын беру жөніндегі комиссияға.

Басшылық жасайтын бағыттары бойынша мемлекеттік сатып алу мәселелерін талдау және үйлестіру.

Басқа да қалалық және облыстық мемлекеттік органдармен, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың бөлімшелерімен оларға жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында өзара қарым-қатынас жасау.

 

Қала әкімінің орынбасары – Н.С. Алдияров

Мәселелер:

  1. тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық;
    1. су құбырларының қолданылуын, тазалағыш құрылғылар, байланыс, электр қуатын тарататын желілер және басқа да инженерлік инфрақұрылым нысандарының тоқтаусыз жұмыс жасауын ұйымдастыру;
  2. тазалық сақтау, көріктендіру және көгалдандыруды қамтамасыз ету;
    1. қаланы жарықтандыру нысандарын күтіп-ұстау және күрделі жөндеу;
    2. жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды ұйымдастыру;
    3. экология;
  3. қалалық ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою;
  4. туысқандары жоқтарды жерлеу орындарын күтіп-ұстау;
  5. ауыл шаруашылығы, шаруа (фермерлік) қожалықтарының құрылуына, ауру малдарды санитарлық жоюға, ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден келесі түріне ауыстыру жөніндегі жұмыстарға, мемлекеттік агроазықтүлік бағдарламасын жүзеге асыруға ықпал жасау;
  6. ветеринарлық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;
  7. қалаішілік қажеттіліктерге ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуды ұйымдастыру;
  8. қаладағы тұрғын үй қатынастарын жүзеге асыру (мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй беру мәселесі, аумақтарды дамыту бағдарламасы аясындағы тапсырмаларды жүзеге асыру);
  9. ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізуге жәрдемдесу;
  10. Ақтөбе қаласының ІІБ жергілікті полиция қызметінің материалдық-техникалық қамтылуын ұйымдастыру.

Қызметін үйлестіру:

  1. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі» ММ;
  2. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ;
  3. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ;
  4. «Ақтөбе қаласының ветеринария бөлімі» ММ;
  5. «Ауыл шаруашылығы министрлігінің қалалық аумақтық басқармасы» ММ;
  6. тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті қалалық бөлімінің;
  7. «Ақтөбе Таза қала» ЖШС;
  8. «Табыс Ақтөбе» ЖШС.

            Қалалық телефон стансасының және байланыс кәсіпорындарының, қалалық электр желілері, «Трансэнерго» АҚ, «Ақбұлақ» АҚ, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ, «КазТрансГазАймак» АҚ қызметін үйлестіру.

Басшылық жасау:

  1. төтенше жағдайлардың алдын-алу жөніндегі ведомоствоаралық мемлекеттік комиссияға;
  2. жергілікті бюджеттен субсидиялар алуға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тізімін анықтайтын және егістіктерін қабылдайтын ведомствааралық комиссияға;
  3. тұрғын үй қорын бөлу және есепке алу бойынша комиссияға;
  4. Ақтөбе қаласындағы жас отбасыларға тұрғын үй беруді бақылау жөніндегі комиссияға;
  5. мемлекеттік бағдарлама аясында (2020 жылға дейінгі аймақтарды дамыту) тұрғын үй беруді бақылау жөніндегі комиссияға.

Басшылық жасайтын бағыттары бойынша мемлекеттік сатып алу мәселелерін талдау және үйлестіру.

Басқа да қалалық және облыстық мемлекеттік органдармен, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың бөлімшелерімен оларға жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында өзара қарым-қатынас жасау.

                                                     

Қала әкімі аппаратының басшысы

Мәселелер:

  1. қала әкімнің және әкім аппаратының қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
  2. мемлекеттік басқару құрылымын, қаланың әкімшілік-аумақтық орналасуын жетілдіру;
  3. қала әкімінің кадрлық саясатын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

Барлық қалалық атқарушы органдардың қызметіне қала әкімдігі мен әкімінің актілерін дайындау және ұйымдастыру, жоғары тұрған органдардың актілерінің орындалуын ұйымдастыру, тиісті орындаушылық тәртіпті қамтамасыз ету және кадрлық мәселелерді жүзеге асыру бағыттарында басшылық жасау.

Қала әкімі аппаратының қызметіне жалпы басшылық ету.

Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ «Әкімшілік-шаруашылық бөлімі» КММ қызметіне бақылау жүргізу.

Басшылық жасау:

  1. қала әкімі жанындағы бірыңғай тәртіптік комиссияға;
  2. қала әкімі аппараты мемлекеттік қызметшілерінің еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссияға.
  3. қала әкімі жанындағы бағалау жөніндегі бірыңғай комиссияға.

Басшылық жасайтын бағыттары бойынша мемлекеттік сатып алу мәселелерін талдау және үйлестіру.

Басқа да қалалық және облыстық мемлекеттік органдармен, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың бөлімшелерімен оларға жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында өзара қарым-қатынас жасау.

 

Қала әкімі мен оның орынбасарларының

келесідей өзара ауыстырмалылығы бекітіледі:

І.С. ИСПАНОВ - Ж.Б. БАИРХАНОВ
Ж.Б. БАИРХАНОВ - Н.С. АЛДИЯРОВ
Н.С.АЛДИЯРОВ - Ж.Б. БАИРХАНОВ
Ж.Ж. ЗИНЕ - Л.А. ОРАЗБАЕВА
Л.А. ОРАЗБАЕВА - Ж.Ж. ЗИНЕ

                                              

Таныстық:

________________ Ж.Б. Баирханов

     ________________ Ж.Ж. Зине

________________ Л.А. Оразбаева

________________ Н.С. Алдияров

________________ Қ.М. Райымқұлов

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50