Қазақша   Русский

RSS-лента

Мемлекеттік мекеменің толық атауы

«ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІ»

Орналасқан жері

Ақтөбе қаласы, ағ. Жұбановтар көшесі, 289 А

Бөлім телефондары

8(7132) 51-87-43 сенім телефоны

8-7132-51-64-18

8-7132-51-68-80

«Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

Атқаратын міндеті мен өкілеттілігі:
Жұмысқа орналастыру, кәсіби оқыту, қоғамдық жұмыстарға тартуды ұйымдастыру, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік балалар жәрдемақысын және тұрғын үй көмегін тағайындау, мүгедектер мен басқаларды әлеуметтік оңалтуға көмек көрсету.

Заңды негіздемелер:
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2004 жылғы 12 ақпандағы №320 қаулысы, бөлім ережесі.

Бөлім басшысы
Бөртебаева Нәйлә Хасенқызы
тел.: 51-64-18
Қабылдау күні: сәрсенбі сағат 09-00-ден 18-00 дейін Ағ. Жұбановтар 289 А мекенжайында

Бөлім басшысының орынбасарлары:
Аблакимова Нұрия Мнашқызы тел.: 51-22-81
Қарақов Мейіржан Бақбергенұлы тел.: 51-22-41
Қабылдау күндері: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма сағат 09-00-ден 18-00 дейін Ағ. Жұбановтар 289 А мекенжайында

Ардагерлер мен мүгедектер жұмысы секторы.

ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, мүгедектерге, мүгедек-балаларға, аз қамтылғандар және басқа да санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және балаллар жәрдемақысы секторы.

Отбасының орташа кірісі кедейлік шегінен төмендерге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және отбасының орташа кірісі азық-түлік себетінен төмен 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға мемлекеттік балалар жәрдемақысы және отбасының жан басына шаққандағы кірісі күнкөріс деңгейінен төмен болғанда өмірлік қиын жағдайға тап болған кезде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетеді.

Тұрғын үй көмегі секторы.

Отбасының орташа кірісі белгіленген нормадан артық болса коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін шығындарына тұрғын үй көмегі ұсыну.

Жұмыспен қамту секторы.

Жұмысқа орналасуда, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруда, аз қамтылған отбасылары, мүгедектер, 21 жасқа дейінгі жастарды, 50 жастан асқан тұлғаларды жұмыс орнына орналастыруға көмек көрсету.

Егер сіз жұмыс іздесеңіз немесе жұмыс орныңызды өзгерткіңіз келсе «Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ хабарласыңыз.
Бұл жерде Сізге:

  • жұмысқа орналасуға;
  • лауазымды бос жұмыс орындары мен бос жұмыс орындары туралы ақпараттар;
  • жұмыссыз ретінде тіркеуге алуға;
  • қоғамдық жұмыс ұсынуға;
  • егер мамандығыңыз болмай жұмыс таңдай алмай жүрсеңіз, қайта даярлау және кәсіби біліктілігіңізді арттыруға көмек көрсетеді.

Бөртебаева Нәйлә Хасенқызы "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"ММ бастығы"

Бөртебаева Нәйлә Хасенқызы - 1960 жылы туылған, қазақ, білімі жоғары. 1983 жылы Алматы энергетикалық институтын электр-инженері мамандығы бойынша оқып шыққан. 1990 жылы Алматыдағы жоғары партия мектебін саясаткер, жоғары оқу орындарында қоғамдық саяси пәндерінің оқытушысы мамандығы бойынша білім алып, 2006 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің заңгер мамандығын тәмәмдаған.
Еңбек жолы 1980 жылдан басталды. 1984-1991 жылдары аралығында партия құрамында және мемлекеттік мекемеде еңбек етіп, аудандық партия хатшылығы қызметін атқарған. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ауысып келгенге дейін, қалалық әкім аппаратының өндірістік мониторинг саласы бөлімінің бастығы қызметінде еңбек еткен. 2003 жылы шілде айынан бастап «Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»ММ басшысы қызметін атқарып келеді. Тұрмыста, екі бала тәрбиелеп отыр.

Қабылдау күні: сәрсенбі сағат: 09-00-18-00 Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Ағ.Жұбановтар көшесі 289 «А».

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50