Қазақша   Русский

RSS-лента

«Ақтөбе қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының»орындалу барысы туралы

«Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Қала әкімдігінің 2015 жылғы 10 тамызда №3229 қаулысымен бекітілген «Ақтөбе қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының» орындалуы туралы ақпарат:
-«Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ғимаратында 11.01.1017ж. 29 жасқа дейінгі жұмыссыз азаматтарды қоғамдық жұмысқа бағыттау бойынша мағлұмат беру мақсатында Басқарушы компаниялардың басшыларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесудежұмыспен қамтудың барлық бағыттары: (жастар практикасы, қоғамдық жұмыс, әлеуметтік жұмыс орындары) туралы түсіндіру жұмыстары жұргізілді.
- 2017 жылдың 11 қаңтарында Ақтөбе облысы ҚАЖ департаменті КА-168/2 мекемесінде «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің»сектор меңгерушісі Нағашыбаева З.К. мен «Жұмыспен қамту орталығының» бөлім меңгерушісі Жалғасбай А.Қ. қатысуымен, КА-168/2 мекемесінің сотталғандармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Аталған іс-шаралар барысында сотталғандарға «жаза өтеу орындарындағы тұлғаларға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің көрсететін көмегі мен қызметтері» туралы түсіндірді.
Сонымен қатар,жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасы бойынша рақымшылық аясында босатылатын тұлғаларға жұмысқа орналасу мақсатында, бардарламаға сай бос жұмыс орындарына орналасуға және кәсіби білім алуға өз көмектерін тигізетінін атап өтті.
- Сазды ауылдық округінде 11.01.2017ж. ерекше күтімдегі балалардың ата-аналарымен семинар өтті. Мында ерекше күтімдегі 5 бала үйден әлеуметтік қызметкерлердің көмегін алады. Семинарды әлеуметтік көмек Орталығының директоры, Ақтөбе қаласының әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі А.М.Сарқұлова, әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі Г.Р. Андросова және Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүгедектермен жұмыс жасау секторының меңгерушісі Г.К. Сүлейменова өткізді.
- Ақтөбе газетіне 13.01.2017ж №52017 жылы қалалық бос орындар жәрмеңкесін өткізу кестесі туралы мақала шығарылды.
- Новый ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бөртебаева Н.Х, Жұмыспен қамту орталығының директоры Қантарбаева Г.Б. және кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің, "Даму" қорының өкілдерінің қатысуымен өз кәсібін ашқысы келетін немесе оны одан әрі дамытқысы келетін жергілікті тұрғындармен кездесуі өтті. Басқосу барысында, Елбасының биылғы жылғы Жолдауы талқыланып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша тиісті түсіндірме жүргізілді.
- Қарғалы селолық округының әкімдігінде 31.01.2017ж. Жұмыспен қамту орталығыныңмамандары тұрғындармен кездесу өткізілді, Кездесу барысында халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналасу мәселесі сөз болды.
- «Достық» СҮ 02.02.2017ж. Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Жұмыспен қамту орталығымамандары халық арасында жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мен шағын несие алудың жолдары туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында «Өрлеу» бағдарламаларының барлық бағыттары туралы ақпарат берілді. 10 адамға жұмысқа орналасу үшін әңгімелесуге жолдама берілді.
- «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ғимаратында «Е-Халық» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасап жатқан мамандар арасында кездесу өткізілді. Кездесуде «Е-Халық» АЖ әрі қарайғы дамуымен оның жұмысы туралы сөз қозғалды.
- 09.02.2017ж. Ақтөбе қаласы әкімдігі «Ашық есік күні» аясында Т.Ахтанов атындағы Облыстық драма театрының ғимаратында азаматтарды қоғамдық қабылдау ұымдастырды. Қоғамдық қабылдауға Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бөртебаева Н.Х. мен Жұмыспен қамту орталығының директоры Қантарбаева Г.Б. азаматтарға әлеуметтік сұрақтар бойынша кеңес берді.
- сонымен бірге, Жұмыспен қамту орталығының мамандарымен мемлекеттік бағдарламалардың бағыттарын түсіндіру мақсатында байланыс және коммуникация колледжінің студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.

Әкімшілік-құқықтық секторының
бас маманы
А.Амантай

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50