Қазақша   Русский

RSS-лента

Қала әкімдігінің

2017 жылғы «4» қыркүйектегі

4852 қаулысымен

БЕКІТІЛДІ

«Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

  1. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қала аумағында мемлекеттік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саясаты саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағында коммуналдық мемлекеттік мекемелері бар:

         1) «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

   2) «Ақтөбе қаласының белгілі тұрағы жоқ тұлғаларды және қылмыстық жазасын өтеген тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

         3) «Әлеуметтік жәрдем орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

  1. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Президент, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, облыс әкімі және қала әкімінің өкімдері мен шешімдеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және мемлекеттік басқару органы Ақтөбе қаласының әкімдігі болып табылады.

            Мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті орган «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

  1. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік тілде өз атауы мен мөрі, белгіленген үлгідегі бланкісі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоты бар ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
  2. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан шыға алады.
  3. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған
    уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  4. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»   мемлекеттік   мекеме басшысының бұйрықтарымен

және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

9. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

10. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері:

            030002, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Ш.Уалиханов көшесі, 12 А үй.

11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Мемлекеттік мекеменің орыс тіліндегі толық атауы: Государственное учреждение «Отдел занятости и социальных программ города Актобе».

12. Осы Ереже «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты
болып табылады.

13. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және қалалық бюджеттен жүзеге асырылады.

         14. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен функциялары болып табылатын міндеттерді «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

            Егер «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

  1. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қала аумағында мемлекеттік жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саясатын жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауға өкілетті мемлекеттік мекеме болып табылады.

16. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі алдына келесі міндеттерді қойды:

1) қала аумағында кедейлікті төмендету және тұрғындарды жұмыспен қамтуға ықпал ету бағдарламасын жүзеге асыру;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау және қолдауды ұйымдастыру;

3) жұмыс іздеген, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға жәрдемақы, тұрғын үй көмегін тағайындауды сұрап келген азаматтарды қабылдау сапасын арттыру;

4) қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;

5) жұмыссыздықты қысқарту кезеңіне бағытталған жаңа прогрессивті үлгілер мен әдістер енгізу;

17.«Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары:

         1) оқу орындары мен бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы мәлімет қорларын жинақтау және осы негізде қала тұрғындарын және жұмыс берушілерді еңбек нарығының жағдайы, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, кәсіби оқу жөнінде ақпараттармен қамтамасыз ету;

2) тұрғындардың әлеуметтік осал бөлігіне мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын тағайындау және төлеу;

3) тұрғындардың барынша мұқтаж бөлігіне бірінші кезекте көмек көрсетуді ұйымдастыруға ықпал жасау;

4) аз қамтылған отбасыларды анықтап, қаладағы тұрғындардың осал бөлігі туралы мәліметтер қорын жинақтау;

5) тұрғындар мен заңды тұлғалар арасында жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау заңнамалары бойынша ақпаратты - түсіндірме жұмысын жүргізу;

6) жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың шешімдері мен қаулыларына сәйкес құжаттар қабылдау және жеңілдіктер ұсыну;

7) жалғыз басты азаматтардың құжаттарын мүгедектер мен қарттар үйіне рәсімдеу;

8) денсаулығына байланысты қамқорлық пен қорғаншылыққа мұқтаж кәмелет жасындағы азаматтарға қамқорлық және қорғаншылық рәсімдеу;

9) тұрғындардың әлеуметтік осал бөлігін қорғау мәселесі бойынша (мүгедектер, белгілі тұрағы жоқ тұлғалар) мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдармен бірлесе жұмыс атқару;

10) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына жүру ақысын рәсімдеу;

11) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес, мүгедектерге жеке көмекшілер және ымдау тілі маманы, техникалық көмекші (орынын толтырушы) құрылғылар, арнаулы қозғалып жүру заттары, санаторлы - курорттық емделу әлеуметтік қызметтерін ұсыну мен құжаттар қабылдау;

12) арыз-шағымдарды қарау, азаматтарды қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру;

13) сотта «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құқықтарын ұсыну мен қорғау.

         18. «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары:

1) халықты жұмыспен қамтудың жай-күйін бағалауды және дамуын болжауды, халықты еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етуді жүзеге асырады;

2) Заңда көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларын іске асыруды жүзеге асырады;

3) өтініш білдірген адамдарды жұмыс іздеуші және жұмыссыздар ретінде тіркейді;

4) жұмыссыз ретінде тіркелу туралы анықтама береді;

5) жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен әлеуметтік төлем тағайындау үшін тізбесін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және оларды Мемлекеттік корпорацияға жібереді;

6) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетеді;

7) жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдеседі, жұмысқа орналасу үшін жолдама береді;

8) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;

9) жұмыссызды жұмысқа орналастырудың жеке картасын жүргізеді;

10) әлеуметтік келісімшарттар жасасады, оны орындау мониторингін жүргізеді;

11) еңбек делдалдығын көрсетеді;

12) азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу мәселері бойынша хабардар етеді және консультациялық қызметтер көрсетеді, үмiткерлердiң әлеуметтiк қолдауға мұқтаждығына бағалау жүргiзеді, олардың құжаттарын қабылдауды жүргізеді;

13) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына әлеуеттi қатысушыларды iрiктеуді және бөлуді жүзеге асырады;

14) жергілікті еңбек нарығындағы жұмыс күшіне қажеттілікті айқындайды және мониторинг жүргізеді;

15) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға жолдама береді;

16) жұмыс берушілерде бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы, сондай-ақ мүгедектерді, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру квоталарының орындалуы туралы есепке алуды жүргізеді.

19. «Ақтөбе қаласының белгілі тұрағы жоқ тұлғаларды және қылмыстық жазасын өтеген тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары:

1) тегін кереует-орын беру;

2) өзіне-өзі тұрмыстық қызмет көрсету (іш киімдерін, киімдерін жуу және

үтіктеу, аяқ киімдерін тазалау және т.б.) мүмкіндігін беру;

3) жеке басын куәландыратын құжаттарды қалпына келтіруге жәрдемдесу;

4) зейнетақы, жәрдемақы рәсімдеуге, тиісті көрсеткіштері болған жағдайда мүгедектік тобын белгілеуге, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйіне, психикалық жүйке аурулары интернат-үйіне орналастыру және басқа да әлеуметтік көмектер көрсету;

5) Қазақстан   Республикасы   Үкіметінің   2008 жылғы                                       31 желтоқсандағы №1354 қаулысымен бекітілген интернат үйлерінде, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет көрсетілетін адамдар үшін заттай тамақтану нормаларына сәйкес тамақтануды ұсыну;

6) төсек-орын жабдықтарымен, жеке гигиена заттарымен және іш киіммен қамтамасыз ету;

7) санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу;

8) медициналық қараудан және санитарлық өңдеуден өткізу;

9) қажет   болған   жағдайда   денсаулық   сақтау   ұйымдарында   шұғыл медициналық көмек көрсетуге жәрдемдесу;

10) жұмыспен   қамту   мәселелері   бойынша   уәкілетті органдар,   қоғамдық және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына қайшы келмейтін басқа да жұмыстарға орналастыруға көмектесу, мамандандырылған курстарға оқуға жіберу;

11) еңбек   ету   мүмкіндігін   қамтамасыз   ету     мақсатында   Орталықта өндірістік шеберханалар ашу;

12) жол жүру құжаттарын алу және баратын жеріне дейін азық-түлікпен қамтамасыз ету арқылы бұрынғы тұрған жеріне жөнелтуге жәрдемдесу.

         20.«Әлеуметтік жәрдем орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары:

  1. үйіне барып қызмет көрсетуді қажет ететін жалғызбасты (жалғыз тұратын) қарттар мен мүгедектерді анықтау және есепке алу;
  2. үйреншікті әлеуметтік ортада жайлы моральды – психологиялық жағдай орнатуға көмектесу;
  3. жеке бастың даму деңгейін көтеруге, әлеуметтендіруге, интеграциялауға бағытталған арнайы кешенді әлеуметтік қызметтер ұсыну;
  4. жеке қажеттілігін ескере отырып жеке бастың даму деңгейін көтеруге, әлеуметтендіруге, интеграциялауға бағытталған арнайы кешенді әлеуметтік қызметтер көрсету;
  5. қарттар мен мүгедектердің гигиеналық талаптарға сай өмір сүру шарттарын ұстануына кеңестік және практикалық жәрдем көрсету;
  6. әлеуметтік қызметкердің ұсақ тұрмыстық жөндеу жұмыстарын (ұсталық, сантехникалық) қосымша жүргізу арқылы ұсынылатын арнайы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру;
  7. қала мекемелері мен кәсіпкерлерінің үйде арнаулы әлеуметтік қызмет алушыларға, Ақтөбе қаласында тұрақты тіркеуде тұрған аз қамтылған азаматтарға, жалғызбастыларға, жетім балаларға, еңбек ардагерлеріне бала кезден мүгедек азаматтарға,Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, көп балалы аналарға, асыраушысынан айырылған азаматтарға, жұмыссыздарға қайырымдылық көмек көрсетуіне ықпал жасау;
  8. қызмет алушылар мен олардың жанұя мүшелерін ұсынылатын арнайы әлеуметтік қызмет түрлері мен көлемі жөнінде хабардар ету;
  9. еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және жеке құрам қызметкерлерінің біліктілігін көтеру.

            21.«Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің келесі құқықтары мен міндеттері бар:

            1) білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардан, білім беру ұйымдарымен, мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын әртүрлі ұйымдардың оқу орталықтарынан түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтерді, оқыту жүргізілетін кәсіптер (мамандықтар) туралы, нақты кәсіптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлануы мен бітіруі жоспарланып отырған мамандар саны туралы ақпарат сұратуға;

            2) жұмыс берушілерден кадрларға деген болжамды қажеттілік туралы ақпарат сұратуға;

            3) жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту тәуекелдері бар кәсіпорындардың мониторингін жүзеге асыруға;

4) жергілікті атқарушы органға қарау үшін ұсыныс беруге:

а) жұмысқа орналасуда қиындық көретін әлеуметтік қорғауға мұқтаж тұлғаларды жұмысқа қабылдауға квота белгілеу туралы;

б) жаппай жұмысшыларды босатуға байланысты шаралардың мерзімін ауыстыру немесе уақытша тоқтатуды жүзеге асыру туралы;

5) атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегі мен 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы тағайындау үшін ұсынылған құжаттарды таңдап тексеру жүргізуде, арызданушының және оның отбасының материалдық жағдайын учаскелік комиссия тексеруі туралы шешім қабылдауға;

6) мекемелерден арызданушының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы, тұрғын үй көмегін тағайындау құқығын растайтын мәліметтер сұрауға;

7) жалған мәлімет берген азаматтар мен лауазымды тұлғалар белгіленген заңнама тәртібінде жауапкершілікке тартылатыны жөнінде мәселе қоюға;

8) атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегі, 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын тағайындау кезінде заңнама бұзылғаны белгілі болған жағдайда рәсімдеуді тоқтатуға;

9) «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызметін бақылауды және жұмысына көмек көрсетуді жүзеге асыру;

            10) еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және бұл туралы халыққа, орталық және жергілікті атқарушы органдарға ақпарат беруге;

            11) құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс шараларды іске асыруға міндетті.

3. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

22. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшылықты «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

23. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімінің өкімі бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

24. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

25. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі: 

            1) «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысын басқарады және ұйымдастырады, алдына қойған міндеттерін жүзеге асыруға жүктелген қызметтеріне жеке басымен жауап береді.

2) «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің және секторлардың құрылымын штаттық кестеге сәйкес бекітеді;

3) өз орынбасарларының және сектор меңгерушілерінің өкілеті мен міндеттерін белгілейді;

            4) заңға сәйкес қызметкерлерді лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады;

            5) белгіленген заңнамалық тәртіпте қызметкерлерін тәртіптік жазаға тартады;

            6) «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарына қол қояды;

7) секторлар туралы ережені бекітеді;

            8) барлық мемлекеттік органдар, басқа да мекемелер алдында «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүддесін ұсынады;

9) қызметкерлердің іссапар, тәжірибе жинақтау, біліктілігін арттыру жөніндегі жоспар және тәртібін бекітеді;

         «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

        26. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

         27. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік.

          28. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық жеке меншік болып табылады.

29. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

30. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50