Қазақша   Русский

RSS-лента

Атқарылған іс-шаралар

Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: ӨСУ, РЕФОРМАЛАР ДАМУ» атты жолдауын Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлімі басшылыққа ала отырып белгілі жұмыстар атқарды.

Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: ӨСУ, РЕФОРМАЛАР ДАМУ» атты жолдауын Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлімі басшылыққа ала отырып белгілі жұмыстар атқарды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті
(бұдан әрі – Комитет) 2016 жылдың 20 сәуірінен бастап, 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңына (бұдан әрі - АЖ/ТҚҚ Заң) өзгерістер енгізуімен байланысты, қаржы мониторингі субъектілерінің тізімінің кеңейтілуі туралы хабарлайды.
АЖ/ТҚҚ Заңының 3-бабы 1-тармағы келесі мазмұнмен 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшаларымен толықтырылды:

2015 жылдың 1 шілдесінен бастап Ақтөбе қаласы пилоттық өңір ретінде енгізіліп, жұмыстар жүргізілді.
«Өрлеу» - отбасының әлеуметтік белсенділігін арттыру бағытындағы мемлекеттік шартты ақшалай көмек (ШАК) көрсетудің эксперименттік бағдарламасы.Бағдарламаға орташа айлық табысы жан басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 60 пайыздан төмен болатын отбасылар қатыса алады.
«Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізудің мақсаты азаматтардың табысы аз санаттарын жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға ынталандыру болып табылады.
Осыған байланысты отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамту орталықтары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері көрсететін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуы «Өрлеу» жобасына қатысудың міндетті шарты болып табылады.
2016 жылы қаңтар айынан бастап түсіндіру жұмыстары жүргізіліп,буклеттер таратылды. Ақпан айында және мамыр,маусым айларында Ақтөбе қаласына қарасты 5 ауылдық округке және елді мекендеріне барып, халықпен кездесу өткізіліп, «Өрлеу» жобасына сәйкес ШАК туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Үстіміздегі жылдың наурыз айында «Ақтөбе» облыстық қоғамдық – саяси газетіне және мамыр айында «Актюбинский вестник» газетіне шартты ақшалай көмек туралы мақала шығардық.
Сонымен қатар, «Орталық базар», «Алтай», «Тұрғынқалашық», «Табыс» базарларында радиорубка арқылы осы аталған ШАК туралы мәліметті хабарлау жұмыстары ұйымдастырылды.

Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: ӨСУ, РЕФОРМАЛАР ДАМУ» атты жолдауын Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлімі басшылыққа ала отырып белгілі жұмыстар атқарды.

Күні бүгінге дейін бөлім Қазақстан Республикасының 2013 жылғы сәуірдегі №88-V «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі «Әлеуметтік – еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» №279 бұйрығына сәйкес 18 қызмет және 2015 жылдың 9 сәуірінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің № 319 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша 1 қызмет ұсынады. Оның ішінде, 1 қызмет «Әлеуметтік жәрдем орталығы» КММ арқылы, 8 қызмет бөлім арқылы және баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, 9 қызмет бөлім арқылы және 1 қызмет тек қана халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы ұсынылады. Сонымен қатар, 19 қызметтің 6 электронды түрде ұсынылады.

«Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2016 жылдың мамыр айынан бастап Қалалық сал ауруларды қолдау орталығы, Қазақ саңыраулар қоғамының Ақтөбе бөлімшесі, Қазақ соқырлар қоғамының Ақтөбе корпоративтік қоры, Чернобыль апатынан зардап шеккен азаматтар қоғамдық бірлестіктері, Жергілікті соғысқа қатысушылардың жауынгерлік бауырластығы қоғамдық қоры,Үкіметтік емес ұйымдары мүшелерімен олардың толғандырып жүрген әлеуметтік мәселелерін тындау және оның шешу жолдарын түсіндіру және ҚР заңнамаларына сәйкес мемлекет талапынан жасалынып жатқан әлеуметтік көмектерді тағы да мәрте азаматтарға жеткізу мақсатында әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй қоры, салық, жер комитеттері, өкілдерінің қатысуымен кездесулер өткізіп келеді.
Кездесу барысында барлық қойылған сұрақтарға әрбір құзырлы мекемелер тарапынан тиісті жауаптар берілетін болады. Ал шешімін таппаған сұрақтар жазып алынып, құзырлы мекемелерге жолданады және тиісінше арыз иесіне жазбаша түрде жауап берілетін болады.
Жұмыс барысы жалғасуда.

Бөлім басшысы
Н.Бөртебаева

«Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Қала әкімдігінің 2015 жылғы 10 тамызда №3229 қаулысымен бекітілген «Ақтөбе қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының»11 тармағының орындалуы туралы ақпарат:
«Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2016 жылғы 8 қаңтарда №14 бұйрығымен «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2016 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспары» бекітілді.

2016 жылдың 17 ақпанында «Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» ММ-де ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басқармасының басшысы Г.К.Бисекешова мен бас маман Н.Б.Шакарбековпен «Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі» тақырыбында оқыту-семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты –мемлекеттік аппаратта кадрларды іріктеу механизмінің өзгеруі мен өсуі, мансаптық модельге көшу болып табылады. Сонымен қатар, жаңа механизмдер меритократия және мемлекеттік қызметтегі бағынышталық принциптеріне негізделуі қажет.
Семинар барысында мемлекеттік қызметке өту, мемлекеттік қызметтің жаңа моделінің негізгі бағыттары (өзгерістері), мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жазаға тарту, жергілікті мемлекеттік басқару органдардағы персоналды басқару бөлімдерімен жыл сайын жұмыс тиімділігін жүйесін жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мен жолын кесу туралы сұрақтар талқыланды.

2016 жылы «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» пилоттықжобасын іске асыру бойынша бағдарламасын кеңінен насихаттау мақсатында,Ақтөбе қаласына қарасты5 ауылдық округ (Благодар, Қарғалы, Қурайлы, Сазды, Новый) тұрғындары арасында жаңадан өз ісін ашуға немесе кәсіпкерлігін кеңейтуге ниет білдірушілерге шағын несие беру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Бағдарламаның мақсаты -ауылдық жерлерде жұмыссыздықты төмендету, жұмыс орындарын құру және отбасылық шаруашылық түрлерін дамыту.
Бағдарламаның негізгі бағыттары: мал бордақылау алаңдарын, сүт фермаларын ұйымдастыру,жылыжай кешені және т.б.

Семинарға қала ұйымдары мен кәсіпорындары өкілдері, жұмыспен қамту органдарының қызметкерлері және заңгер маманы қатысты.

Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол», және Ақтөбе қаласының аумақты дамыту бағдарламасы жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шараларын Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлімі басшылыққа ала отырып белгілі жұмыстар атқарды.

Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол», және Ақтөбе қаласының аумақты дамыту Бағдарламасы жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шараларын қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшылыққа ала отырып белгілі жұмыстар атқарды.

Атқарушы билiк мүддесiн көздейтiн қала әкiмдігі, қызметкерлердiң мүддесiн көздейтiн «Ақтөбе облысының Кәсіподақтар Орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі» және кәсiпкерлер мен жұмыс берушiлердiң мүдделерін көздейтiн «Ақтөбе облысының кәсiпкерлер мен жұмыс берушiлер одағы» қоғамдық бiрлестiгi, бұдан әрi Тараптар қосымша келісім жасасты:

Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», және Ақтөбе қаласының аумақты дамыту Бағдарламасы жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шараларын қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшылыққа ала отырып белгілі жұмыстар атқарды.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы Жолдауында мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керектігі баса назарға алынған болатын.

«Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бастауымен және «КМК Мұнай» АҚ қолдауымен ағымдағы жылдың 1 желтоқсан күні Бейбітшілік даңғылы 1а мекенжайында орналасқан «Жайна» үкіметтік емес ұйымында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналып «Балалар өміріміздің тынысы» атты қайырымдылық акциясы өтті. Акцияның барысында әлеуметтік көмек алып жүрген балаларға демеушілер сыйлықтар табыс етті.

2014 жылы 3 шілдеде қалалық әкімщілікте әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін үшжақты комиссияның отырысы өткізілді. Отырысқа үшжақты комиссияның мүшелері, облыстық жұмыспен қамту басқармасының және облыстық еңбек инспекциясының өкілдері қатысты.

Отырыста 3 сұрақ қаралды:

1. Ақтөбе қала мекемелердегі еңбек қауіпсіздігін сақтау.
2. Азық-түлік өнімдеріне инфляцияның әсерін тигізбеу.
3. Қала кәсіпорындарындағы еңбекақы берешектеріне жол бермеу жөніндегі мәселелер.
Отырыстың төрайымы – қала әкімінің орынбасары А. Арынғазиева өкілетті органдарға көтерілген мәселелер бойынша тыңғылықты тапсырмалар берді.

2014 жылдың 20 маусымында Ақтөбе облыстық Ішкі істер Департаменті жұмыспен қамту органдарының қатысуымен жазасын өтеп шыққан тұлғалар үшін «Жұмыс іздеймін » атты акция ұйымдастырды.
Аталған шараға жазасын өтеп шыққан 38 адам қатысты. Оларға «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы туралы толық ақпарат берілді және бүгінгі күнге бөлімге келіп түсіп тұрған бос жұмыс орындары туралы мәліметтер ұсынылды.
Шараның мақсаты: Аталған тұлғаларды еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы, жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері, кәсіптік оқу курстарынан өту туралы хабар ету.
Жыл басынан түзету мекемелерінен түскен 147 хаттарға сәйкес, 2014 жылдың басынан 127 адам босап шықты, жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан бөлімге жолығатындар саны бірең- саран.
Алдағы уақытта жұмыспен қамту бөлімінің мамандарымен, Ақтөбе қалалық Ішкі істер басқармасының участкелік инспекторларының қатысуымен, жазасын өтеп шыққан тұлғалардың мекен-жайына рейд жасау жоспарлануда.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50