Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 4073

қаулысына толықтырулар енгізу туралы

           Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардығы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242-ІІ «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы»Қазақстан РеспубликасыЗаңының   25 бабы 2 тармағының 8, 11 тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 23 маусымдағы №442-ІІ Жер Кодексінің 43, 44-1 баптарына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы №4073 «Ақтөбе қаласының   сәулет   және   қала   құрылысы   бөлімі» ММ ережесін бекіту туралы» қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:

«Ақтөбе қаласының   сәулет   және   қала   құрылысы   бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ереженің «Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері» 2. тарауының 16 тармағы төмендегі мазмұндағы 15), 16), 17) тармақшалармен толықтырылсын:

«15) құрылыстар, үйлер, ғимараттар (қайта жарақтандыру, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қалпына келтіру, жаңғырту және күрделі жөндеу) құрылысытуралы шешім қабылдау;

16) жер учаскесін таңдау актісін инженерлік жүйелерге қосы үшін техникалық шарттармен бірге дайындау және келісу;

17) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объетілер мен кешендердің мониторингін жүргізу.».

         2. «Ақтөбе қаласының   сәулет   және қала құрылысы   бөлімі»   ММ басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын және «Ақтөбе қаласы Әділет басқармасы» ММ-де мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімініңорынбасарына (Қ.Әлімов) жүктелсін.

Қала әкімі                                                       Е.Омаров

Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2012 жылғы

29 желтоқсандағы № 4073 қаулысына өзгертулер енгізу

туралы

           Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардығы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242-ІІ «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы»Заңының 25 бабы 2 тармағының                    9, 11 тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 23 маусымдағы №442-ІІ Жер Кодексінің 43, 44 баптарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Ақтөбе қаласының   сәулет   және   қала   құрылысы   бөлімі» ММ Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы №4073 қаулысымен бекітілген ережесіне келесі өзгертулер енгізілсін:

         1 бөлімнің 2 тармағындағы«Ақтөбе-Геодезия орталығы» ЖШС деген сөздер «Ақтөбе құрылыс мониторингіне» КММ» деген сөздермен ауыстырылсын:

2        бөлімнің 16-тармақшасының 10-тармағы келесі редаксияда жазылсын:

«10) пайдалануға объектілерін қабылдау бекітілген актілерінің жазбаларын шығаратын.

       2. «Ақтөбе қаласының   сәулет   және қала құрылысы   бөлімі»   ММ басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын және «Ақтөбе қаласы Әділет басқармасы» ММ-де мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

     3.Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің бірінші орынбасарына (Ж.Баирханов) жүктелсін.

Қала әкімі

І.Испанов

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50