Қазақша   Русский

RSS-лента

БЕКІТІЛДІ:
Ақтөбе қаласы әкімдігінің
2017 жылғы «28» сәуір №1727
қаулысымен

«Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы
ЕРЕЖЕ

2. Миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

15) құрылыстар туралы шешімдерің қабылдау қайта жаңарту,қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, жаңғырту қалпына келтіру және күрделі жөндеу ғимараттарға құрылысы

16) жер учаскесін таңдау актісіна техникалық шарттарымен дайындау келісу үшін инженерлік желілерге қосу

17) салынып жатқан салынуы белгіленген объетілерді мен кешендерге мониторинг жүргізу.

БЕКІТІЛДІ:
Ақтөбе қаласы әкімдігінің
2017 жылғы «28» сәуір
№1727 қаулысымен                                                                                                        

«Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы
ЕРЕЖЕ    

  1. 1.Жалпы ережелер

     2-тармақтың 1-тарауыңда, «Жалпы ережелер» «Ақтөбе-Геодезия орталығы» коммуналдық шаруашылық мекемесіне ауыстырылады «Ақтөбе қала құрылысы мониторингі». Мекемелер18 желтоқсандағы 2015 жылғы №4916 Ақтөбе әкімдігінің қаулысна сәйкес құрылды.

     11-тармақтың 2-тарауында бөлім миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері келесі мазмұндарға өзгертілді.

     Пайдалануға объектілерін қабылдау бекітілген актілерінің жазбаларын шығаратын.

БЕКІТІЛДІ:
Ақтөбе қаласы әкімдігінің
2017 жылғы «28» сәуір №1727 қаулысымен                                                                                                        

«Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы
ЕРЕЖЕ    

                             1. Жалпы ережелер

1. «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ Ақтөбе қаласы аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады. 

2. «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ «Ақтөбе қала құрылысы мониторингі» коммунадық мемлекеттік мекемесі қарамағындағы ұйым. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы №4916 қаулысына сәйкес мекеме құрылды.

3. «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ мемлекеттiк мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен бұйрықтар шығарады.

8. «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ құрылымы мен штаттық санының  лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

9. Қала әкімі аппаратының заңды мекенжайы: индекс 030002, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі, 2.

10. Мемлекеттiк органның толық атауы - «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттiк мекемесi.

11. Осы Ереже «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ құрылтай құжаты болып табылады.

11.1. Бөлімнің құрылтайшысы болып мемлекет атынан Ақтөбе қаласының әкімдігі табылады.

12. «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ қызметiн каржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ функциялары болып табылатын міндеттерін орындау тұрғысында «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ кәсiпкерлiк субъектiлерiмен  шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

         Егер «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер жергілікті бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14.  Миссиясы: Ақтөбе қаласының тұрғындарының өмір сүруі мен тіршілік етуіне қолайлы жағдай жасау үшін аймақтың сәулет және қала құрылысын дамыту.

15. «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ негізгі міндеттері:

1)   Қала аумағында мемлекеттік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саясатын жүргізу:

- қаланың Бас жоспарына, жоспарлау жобасына сәйкес елді мекендерде құрылыс салу және аумақты қала құрылысымен игеру бойынша қызметтерді құру мен үйлестіруді ұйымдастыру;

-елді мекендерді көріктендіру, инженерлік және көлік инфрақұрылымы құрылысы жобаларын дайындау мен бақылауды ұйымдастыру;

- қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыратын жобалар құруды және оның орындалуын бақылауды ұйымдастыру;

2) Инвестициялық, жобалау, ғылыми-зерттеу, сондай-ақ құрылыс және жөндеу-құрылыс жұмыстарын сәулет және қала құрылысы талап ететін бөлігінде үйлестіру;

3) Ақтөбе қаласының дамуының Бас жоспарын дайындауға және жүзеге асыруға қатысу;

4) Ақтөбе қаласының қала құрылысы кадастырын құру бойынша тапсырыс беруші қызметін атқару;

5) Мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен орындалатын жобалау – ізестіру жұмыстарына тапсырыс беруші қызметін атқарады;

6) Аумақты қала құрылысы үшін игеру және құрылыс кезінде өмір сүру, тұрмыс үшін экологиялық қауіпсіз және игі ортаға деген азаматтар мен қоғамның мүддесін қамтамасыз ету;

7) Қаланың дамуы мен қайта жасақталуы кезіндегі сәулеттік идеялық – көркемдік деңгейін жоғарлату;

8) Қала құрылысы шешімдерінің әлеуметтік - экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстардың құрылымдық беріктігін, сапасын көтеру;

9) Сәулеттік және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау.

16. «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) Барлық қала құрылысы құжаттарының әзірленуін ұйымдастыру және бақылау;

2) Қала аумағында құрылысы жүргізілетін барлық ғимарат пен құрылымдардың, құрылыстар мен жоспарлаудың жобаларын қарау мен келісу;

3) Құрылыс, қайта өңдеу, қалпына келтіру, күрделі жөндеу, көркейту, көгалдандыру, қалалық дизайн мәселелерін реттейтін құрылыс қағидалары мен басқа құжаттарды дайындау;

4) Жобалау мен құрылысты жетілдіру нормалары бойынша ұсыныстарды дайындау;

5) Қазақстан Республикасының заң актілерімен қаралған жағдайларда мемлекеттік қажеттіліктер үшін, алып қоюлар мен қала құрылысы мақсаты үшін жер учаскелерін беру, объектілер мен кешендер орналастыру бойынша қала әкіміне ұсыныстар дайындау;

6) Инвесторларға (тапсырыс берушіге – салушыға) сәулет – жобалау тапсырмаларын жобалауға дайындау және беру;

7) Сәулет және қала құрылысы мәселелері бойынша Ақтөбе қаласы әкімдігі мен әкімінің актілері жобаларын дайындау;

8) Жобаларды мемлекеттік сараптау, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы аумақтық бөлімшелерімен, сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі саласында мемлекеттік қорғау мәселелері жөніндегі лицензия беру органдарымен өзара іс-әрекет ету;

9) Мемлекеттік тұрғын үй және мәдени-тұрмыстық объектілер, тұрғындарды ең төменгі әлеуметтік қызметпен қамтамасыз ету бойынша бағдарламаларды орындауды ұйымдастыру;

10) объектілерін пайдалануға қабылдау бекітілген актілерінің жазбаларын шығаруға;

11) Қала аумағындағы тарихи және мәдениет ескерткіштерді тарихи, мәдени немесе ғылыми құндылықты көрсететін объектілерді қорғалынатын деп жариялау туралы ұсыныс жасау;

12)   Мемлекеттік қала құрылыс кадастрын базалық деңгейде енгізу;

13) Мекен жай регистрінің ақпараттық жүйесін енгізу;

14) Жобаларды келісу және сыртқы (визуалдық) жарнама орнатуға рұқсат құжаттарын беру;

15) құрылыстар туралы шешімдерің қабылдау қайта жаңарту,қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, жаңғырту қалпына келтіру және күрделі жөндеу ғимараттарға құрылысы

16) жер учаскесін таңдау актісіна техникалық шарттарымен дайындау келісу үшін инженерлік желілерге қосу

17) салынып жатқан салынуы белгіленген объетілерді мен кешендерге мониторинг жүргізу.

17. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:

1) Қолданыстағы заңнама, сәулет, экологиялық және басқа нормативті талаптар нормаларын бұза отырып жұмыс атқарушы, жобалау, құрылыс және

өндірістік ұйымдардың жобалау, құрылыс салу және құрылыс бұйымдарын шығару құқықтарына лицензияны тартып алу туралы ұсынысты енгізеді;

2) Ақтөбе қаласы аумағында өз құзыреті шеңберінде барлық сәулет және қала құрылысы мәселелері бойынша шешім етеді;

- алдын ала келісім бойынша белгіленген тәртіпте, сәулет және қала құрылысы органы берген жобалап-жоспарлау құжаттамасы, нормативтік                                      

талаптары мен сәулет-жоспарлау тапсырмасы бар екендігін анықтау мақсатында кез-келген құрылыс объектісіне кіре алады, сондай-ақ нормативтік және сәулет–қала құрылысы талаптарына сәйкес емес жобаларды келісуден бас тартуға;

- тиісті мемлекеттік органдар алдына өз бетінше салған құрылысқа кінәлілерді, құрылыс және сәулет саласындағы қолданыстағы заңнаманы бұзған адамдарды белгіленген тәртіпте әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға ұсынуға;

- қолданыстағы нормативті-құқықтық актілерді бұза отырып, атқарылған топогеодезиялық және инженерлік-геологиялық зерттеулерді, қазба және белгілеу жұмыстарын тоқтатуға;

-   үздік сәулет және қала құрылысы мәнін ашу мақсатында кемінде екі нұсқасын жасаумен бірге, сәулет және қала құрылысы маңызы бар құрылыстарды, тұрғын аудандар мен орталықтарды, елді мекендерді, жеке ғимараттар мен құрылыстарды көріктендірудің эскизді жоспарлап-жобалауды дайындау қажеттігін анықтауға;

3) Жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар мен ҚР сәулетшілермен бірлесе жобаларды, оның ішінде құрылыс, жоспарлау елді мекендердің орталықтары мен тұрғын аудандар, сондай-ақ жеке ғимараттар мен құрылыстар, адамдардың игі өмірін қалыптастыратын ескерткіштер мен монументтер эскиздерін дайындауға конкурс өткізуді ұйымдастырады;

4) Бағыныстағы аумақта орналасқан меншік түріне қарамастан статистика органдарынан, ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындардан тиісті мәліметтер, сондай-ақ құзыры шеңберіндегі мәселелер бойынша жоспарлы қорытынды мәліметтер алады;                    

5) Сәулет және қала құрылысының негізгі даму бағыттарын анықтау мақсатында қаланың бас сәулетшісі басқаратын сәулет – қала құрылысы кеңесін құрады. Кеңестің дербес құрамын бас сәулетші анықтайды;

6) Жобаланушы ғимараттар мен құрылыстардың иелерінен құрылыс ауданына сәйкес жетілдірілген жобалар мен қымбат өңдеу материалдарын қолдануды талап етеді;

7) Келісім-шарт негізінде жұмысқа алу арқылы уақытша жобалаушылардың авторлық ұжымын ұйымдастыруға ықпал етеді;

8) Қаланың Бас жоспарын жүзеге асыру мақсатында қаланың құрылыс қызметіне мониторинг жүргізеді;

9) Бекітілген тәртіпте сәулет және қала құрылысы бөлімінің жанынан бекітілген мемлекеттік бағамдар бойынша қаладағы сәулет-қала құрылысы қызметін реттеу жөніндегі қажетті жұмыстар көлемін орындау үшін шаруашылықтық-есептеу өндірістік топтарын және коммерциялық негізде        

сәулет – құрылыс жұмыстарын орындаушы кіші кәсіпорындар ұйымдастырады, сондай-ақ мемлекеттік басқару органы ретінде қатысады;

10) Бағынысты шаруашылық – есептеу жобалық - өндірістік, сәулет жоспарлау бюроларының қызмет бағыттарын тақырыптық және шығармашылық жағынан ұйымдастырады және оларды бекітеді;

11) Гендерлік және отбасылық – демографиялық саясатын қалыптастырып, жүзеге асырады.

3. Бөлім қызметін ұйымдастыру

18. «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшылықты «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-не жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін дербес жауапкершілік алатын басшы жүзеге асырады.

19. «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысын, бір мезетте қаланың Бас сәулетшісі болып табылатын, заңнамамен белгіленген тәртіпте қала әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

20. «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысының Қазақстан Респібликасы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

21. «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысының өкілеттігі;

1) өз орынбасарының және бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін анықтайды;

2) бөлім құрылымын бекітеді және заңнамаға сәйкес бөлім қызметшілерін лауазымға тағайындайды және босатады;

3) қала әкіміне және әкімдік қарауына және қол қоюға қаулылар, шешімдер және өкімдер жобаларын ұсынады;                          

4) әкімшілік мемлекеттік қызметшілер санатына жататын қызметкерлердің бос орындарына конкурстар жариялайды, бөлім қызметкерлерін заңнамамен белгіленген тәртіпте марапаттайды және тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтар шығарады;

5) бөлімнің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқау береді;                                                

6) бөлімнің қызметтік құжаттамасына қол қояды;

7) Ақтөбе қаласының әкімі бекіту үшін бөлінген қаржылар шегінде бөлімді ұстауға арналған шығындар сметасын қызметкерлер санының және еңбекақы қорының белгіленген шектерінде бөлімнің штаттық кестесінің жобасын әзірлеуді ұйымдастырады;

8) мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда бөлім атынан өз құзыры шектерінде сенімхатсыз әрекет жасайды;

9) заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттерді жүзеге асырады;

10) бөлімдегі жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдайды және оларды қабылдамағандығы үшін жеке жауапкершілікте болады.

«Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттілігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын бөлімнің басшысы басқарады.

4. Бөлімнің мүлкі

23. «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің оқшауланған мүлікті жедел басқару құқығы бар.

       «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналым қаржысынан, сондай-ақ құны мемлекеттік орган балансында көрсетілген өзге де мүліктен тұрады.

24. «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-не бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

24.1. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады,

25. «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ оған бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен алуға немесе өзге де тәсілмен жұмсауға құқығы жоқ.

5.Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату

26. «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Ақтөбе қала құрылысы мониторингі» «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ коммуналдық ведомствасы бар мемлекеттік қарамағындағы мекемесі.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50