Қазақша   Русский

RSS-лента

Бөлім заңнамаға сәйкес мына қызыметтерді атқарады:

- қолданыстағы заңнамамен көзделген жер учаскелерін жеке меншікке және пайдалануға беру жөніндегі қалалық әкімдік қаулыларының жобаларын әзірлейді,

- жерлерге түгендеу жүргізеді және иесі жоқ жер учаскелерін есепке алады,

- жер учаскелерінің бөлінетінін және бөлінбейтінін анықтайды,

- жеке меншікке сатылатын нақты жер учаскелерінің бағалау құнын бекітеді,

- жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекітуді және жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастырады,

- елді мекендер аумақтарының жер-шаруашылық құрылымының жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады,

- жер сатуларды (конкурстар, аукциондар) өткізуді ұйымдастырады,

- жерлерді пайдалануға және қорғауға қатысты қалалық бағдарламалар, жобалар және сызбаларға сараптау жүргізеді,

- қала жерлерінің балансын жасайды,

- жер учаскелері иелерінің және жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жерге құқық қатынасы бар басқа да субъектілердің есебін жүргізеді,

- жер учаскелеріне құқық куәлгін беретін құжаттарды ұсынады,

- жер учаскелерінің бар – жоғы туралы анықтама береді,

- ауыл шаруашылық бағыттағы жер учаскелеріне паспорттар береді,

- жер учаскелерін сатып алу – сату , жалдау, жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасайды,

- ауыл шаруашылық жерлерінің бірін екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді,

- бөлімнің негізгі міндеттері жер қатынастарын жергілікті деңгейде реттеу болып табылады.

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлермен жұмыс бөлімі

- заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге  жер учаскелерін ресімдеу үшін жер  қатынастарын  реттеу жөніндегі қалалық жер комиссиясына құжаттар дайындайды,

- қолданыстағы заңнамамен көзделген жер учаскелерін жеке меншікке және пайдалануға беру жөніндегі қалалық әкімдік қаулыларының жобаларын әзірлейді,

- жер учаскелерін сатып алу – сату , жалдау, жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасайды,

- жеке меншікке сатылатын нақты жер учаскелерінің бағалау құнын бекітеді.

Жеке тұрғын үй құрылысы жер учаскелерін ресімдеу бөлімі

- жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін ресімдеу үшін жер  қатынастарын  реттеу жөніндегі қалалық жер комиссиясына құжаттар дайындайды,

- жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру жөніндегі қалалық әкімдік қаулыларының жобаларын әзірлейді.

Бау-бақша және ауыл шаруашылығы жерлерімен жұмыс бөлімі

- бау-бақша және ауыл шаруашылығы жер иелерінің жер телімдерін ресімдеуді жүргізеді,

- бау-бақша және ауыл шаруашылығы жер иелерінің жер телімдерінің шекараларын анықтау үшін құжаттарды «АқтөбежерҒӨО» Ақтөбе еншілес кәсіпорнына жібереді,

- бағбандардың жер учаскелерін және ауыл шаруашылығы жер иелерінің жер учаскелерін жеке меншікке және пайдалануға беру жөніндегі қалалық әкімдік қаулыларының жобаларын әзірлейді,

- жер сатуларды (конкурстар, аукциондар) өткізуді ұйымдастыралы.

Кеңсе бөлімі

- заңды және жеке тұлғалардан жер учаскелерін ресімдеу үшін құжаттар қабылдайды,

-қабылданған құжаттардың уақытында орындалуын қадағалайды.

Есеп бөлімі

- бөлім бойынша есеп жұмыстарын жүргізеді,

-қызметкерлердің айлық жалақыларын есептейді,

           -қаржылық бағдарламалардың орындалуын қадағалайды.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50