Қазақша   Русский

RSS-лента

2016 жылғы 19 қазан Жергілікті уақытпен сағат 15.00.

КҮН ТӘРТІБІ:

     Ақтөбе қаласының құрамды бөліктеріне атау беру туралы.

ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:

Шынтасова Сұлупан Панақызы – Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы

ҚАТЫСУШЫЛАР:

         Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы - С. Шынтасова, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттары, Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының басшысы - Қ.Райымқұлов, «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы – Е.Кенжалы, Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері, ПИК өкілдері, қала тұрғындары.

         ТЫҢДАЛДЫ:

         Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының басшысы– Қ.Райымқұлов.

         СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:

МухитБисеналин-қала тұрғыны, МырзағалиҚартыменұлы - Заречный-3, уч№48 тұрғыны, Құсайнов Сағынай - қала тұрғыны, ақсақалдар алқасының төрағасы.

Ақтөбе қаласының құрамды бөліктеріне атау беру сұрағы бойынша пікірлерді санау үшін дауысқа салынды.

«Жақтады» - 75

«Қарсы»- 0

«Қалыс қалған жоқ» - 0

Қоғамдық тыңдауға қатысып отырған азаматтардың дауыс беру қорытындысы бойынша Ақтөбе қаласының құрамды бөліктеріне атау беру мақұлданды.

Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ақтөбе қаласының құрамды бөліктеріне:

       1) «Батыс-1», «Батыс-2», «Батыс-3», «Батыс-4» шағын аудандарына - «Ақтөбе Сити»шағын ауданы атауын;

         2) «Қарғалы» тұрғын үй алабына - «Нұр Ақтөбе» шағын ауданы атауын беру туралы ұсыныс мақұлдансын.

  1. Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының басшысы – Қ.Райымқұловқа:

Аталған мәселені Ақтөбе қалалық мәслихаты сессиясына ұсынсын және Ақтөбе қалалық мәслихаты мен Ақтөбе қаласы әкімдігінің бірлескен шешімін қорытынды алу үшін Республикалық ономастика комиссиясына ұсынылсын.

Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы                                                 С.Шынтасова

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50