Қазақша   Русский

RSS-лента

2016 жылғы 19 қазан                    Жергілікті уақытпен сағат 15.00.

         КҮН ТӘРТІБІ:

Ақтөбе қаласының атаусыз көшелеріне атау беру және кейбір көшелерін қайта атау туралы

         ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:

Шынтасова Сұлупан Панақызы – Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы.

ҚАТЫСУШЫЛАР:

         Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы– С.Шынтасова, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттары, Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының басшысы– Қ.Райымқұлов, «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы – Е.Кенжалы, Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері, ПИК өкілдері, қала тұрғындары.

         ТЫҢДАЛДЫ:

         Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының басшысы– Қ.Райымқұлов.

         СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:

Шериязданов Тұрар – Батыс-2, 8-41 үй тұрғыны, Қуан Қамалхан- Батыс-2, 8-61 үй тұрғыны.

Ақтөбе қаласының атаусыз көшелеріне атау беру және кейбір көшелерін қайта атау сұрағы бойынша пікірлерді санау үшін дауысқа салынды:

«Жақтады» - 75

«Қарсы»- 0

«Қалыс қалған жоқ» - 0

Қоғамдық тыңдауға қатысып отырған азаматтардың дауыс беру қорытындысы бойынша Ақтөбе қаласының атаусыз көшелеріне атау беру және кейбір көшелерін қайта атау беру мақұлданды.

Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақтөбе қаласының атаусыз көшелеріне:

   1) «Батыс-2» шағын ауданының атаусыз көшелеріне Мәңгілік Ел, Ораз Тәтеұлы, Халел Досмұхамедұлы, Мұстафа Шоқай;

2) 12 «ВГ» шағын ауданының атаусыз көшелеріне Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Шәкәрім Құдайбердіұлы;

3) «Заречный-3» тұрғын үй алабының атаусыз көшелеріне Есет Көтібарұлы, Ілияс Жансүгіров, Таразы Қаленқызы;

4) «Оңтүстік Батыс-2» тұрғын үй алабының атаусыз көшесіне Бейімбет Майлин;

5) «Ақжар-2» тұрғын үй алабының атаусыз көшесіне Қайым Мұхамедханов көшесі деп атау беру туралы ұсыныс мақұлдансын.

   2. Ақтөбе қаласының кейбір көшелеріне:

1) Красная – Сәкен Сейфуллин көшесі;

   2) Париж коммунасы – Сұлтанмахмұт Торайғыров көшесі;

3) Красногорский – Әбубәкір Кердері көшесі;

     4) 1905 жыл – Қайрат Рысқұлбеков көшесі;

5) Озерный – Мұқағали Мақатаев көшесі;

   6) Садовый – Хиуаз Доспанова көшесі;

     7) Цемент – Әлкей Марғұлан көшесі;

     8) Коммунальниктер – Әміре Қашаубаев көшесі;

     9) Советский (тұйық көшесі) – Өзбекәлі Жәнібеков көшесі;

       10) Новый ауылдық округіндегі Ленин көшесін – Баубек Бұлқышев көшесі, Больничный көшесін – Хамит Ерғалиев көшесі деп қайта атау туралы ұсыныс мақұлдансын.

  1. Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының басшысы– Қ.Райымқұловқа:

Аталған мәселені Ақтөбе қалалық мәслихаты сессиясына ұсынсын және Ақтөбе қалалық мәслихаты мен Ақтөбе қаласы әкімдігінің бірлескен шешімін қорытынды алу үшін Республикалық ономастика комиссиясына ұсынылсын.

Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы                              С.Шынтасова

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50