Қазақша   Русский

RSS-лента

2017 жылғы 18 қаңтар

Жергілікті уақытпен сағат 15.00.

КҮН ТӘРТІБІ:

Ақтөбе қаласындағы «Қарғалы» тұрғын үй алабын «Есет батыр» шағын ауданы» атауымен қайта атау туралы

ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:

Шынтасова Сұлупан Панақызы – Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы.

ҚАТЫСУШЫЛАР:

Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы – С.П.Шынтасова., Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары – Л.А.Оразбаева., Ақтөбе қаласы мәслихат аппаратының басшысы – Д.К.Мамбеталин., Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттары., «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы – Е.Кенжалы, Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері, №60 орта мектеп директоры - А.А.Тажимишев, ПИК өкілдері, қала тұрғындары.

ТЫҢДАЛДЫ:

         Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы – С.П.Шынтасова

СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:

Мурзахметова Ғалия – Ақтөбе қаласының тұрғыны, Танетов Қуатжан Жармұханбетұлы – Ақтөбе қалалық Қоғамдық кеңес мүшесі, Оразбаева Ляззат Аманжолқызы – Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары.

Ақтөбе қаласындағы «Қарғалы» тұрғын үй алабын «Есет   батыр» шағын ауданы» атауымен қайта атау туралы сұрағы бойынша пікірлерді санау үшін дауысқа салынды:

«Жақтады» - 143

«Қарсы»- 0

«Қалыс қалған жоқ» - 0

Қоғамдық тыңдауға қатысып отырған азаматтардың дауыс беру қорытындысы бойынша Ақтөбе қаласындағы «Қарғалы» тұрғын үй алабын «Есет   батыр» шағын ауданы» атауымен қайта атау мақұлданды.

Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақтөбе қаласындағы «Қарғалы» тұрғын үй алабын «Есет батыр» шағын ауданы» атауымен қайта атау туралы ұсыныс мақұлдансын.
  2. Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары – Л.А.Оразбаеваға:

Аталған мәселені Ақтөбе қалалық мәслихаты сессиясына ұсынсын және Ақтөбе қалалық мәслихаты мен Ақтөбе қаласы әкімдігінің бірлескен шешімін қорытынды алу үшін Республикалық ономастика комиссиясына ұсынылсын.

Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы

С.Шынтасова

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50