Қазақша   Русский

RSS-лента

                                         2004 жылдың 20 желтоқсаныңда №2148

                                           Ақтөбе қаласы әкімиятының қаулысымен

                                           «БЕКІТІЛДІ» және Ақтөбе қаласы

                                                әкімдігінің қаулысымен толықтырулар мен

                                                өзгерістер енгізілді.

 

 

«Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі"

 мемлекеттік мекемесінің Ережесі 

Жалпы ережелер

 

1. "Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі мәдениет және тілдерді дамыту бағытына сәйкес басқару және бақылау функцияларын орындауға уәкілеттік берілген мекеме болып табылады.

2. "Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және облыс пен қала әкімдерінің кесімдеріне, өзге де нормативтік-құқықтық кесумдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. "Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады. "

Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқытық қатынастарға өз атынан кіреді.

4. "Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзіретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен бұйрықтар шығарады.

5. "Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық санын қалалық әкімшілік бекітеді.

6. "Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі"мемлекеттік мекемесінің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 56.

7. Қалалық мемлекеттік органның толық атауы - "Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

8. "Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы қалалық әкімшілік болып табылады.

"Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже оның құрылтайшы құжаты болып табылады.

9. "Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

                                                   2

Егер "Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заң кесімдерімен кірістер әкелетін қызметті       жүзеге  асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне аударылады.

Бөлімнің функциялары, негізгі міндеттері және құқықтары.

10. "Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңдарға сәйкес мынадай фукцияларды жүзеге асырады:

1) Республика Президенті мен Үкіметінің, облыс пен қала әкімдерінің кесімдері мен тапсырмаларын жеке тұлғалар мен мекемелердің орындауын ұйымдастыру;

2) қала аумағындағы тарихи, мәдени және ғылыми құнды объектілер болып табылатын тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау туралы ұсыныс беру;

3) әлеуметтік-мәдениет саласындағы мекемелердің материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға атсалысу.

11. "Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:

1) қала тұрғындарының мәдени демалысын ұйымдастыру, кәсіби және әуесқой ұжымдардың шығармашылығын дамыту;

2) қала мәдениет мекемелерінің материалды-техникалық базасын нығайту және жетілдіру мақсатында қорларды орталықтандыру, музыкалық аспаптармен, құралдармен, аттракциондармен, инвентарлармен, сахналық киімдермен қамтамасыз ету;

3) кітаптың мемлекеттік алтын қорын сақтау, кітапханаларды көркем әдебиет шығармаларымен және жас ұрпақтарды тәрбиелеуге арналған оку құралдарымен жабдықтау;

4) қалалық мәдениет Үйлерінде көркемөнерпаз ұжымдарын дамытуға ықпал жасау және әдістемелік басшылық ету;

5) басқарманы және қала мәдениет мекемелерін мамандармен қамтамасыз ету, мамандардың кәсіби деңгейін жетілдіру,қызметкерлерді аттестациялау және тарифтік-біліктілік категорияларын анықтау ;

6) қала мәдениет мекемелерін күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу сұрақтарын өз құзыры шегінде шешу;

7) Республика және шетел арасында мәдени ынтымақтастықты дамыту;

8) мемлекеттік тәртіпті, еңбек құқығын, қауіпсіздік техника ережелерін сақтауды бақылау;

9) қала мәдениет мекемелерінің штаттық кестелерін бекіту;

                                                    3

10) "Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы қала мәдениет мекемелерінде: "Қалалық Қазақ зағиптар қоғамы мәдениет Үйі" ММ, "Қалалық Қазақ саңыраулар қоғамы мәдениет Үйі" ММ, «Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар: "Қалалық мәдениет Үйі", «Геолог» Қалалық мәдениет Үйі", "Орталық мәдениет және демалыс саябағы", «Сазды қалалық мәдениет Үйі» бухгалтерлік есеп және есеп беру жұмысын ұйымдастыру;

11) мекемелердің балансын қарау, барлық қызмет түрлері бойынша кезекті және жылдық есепті тиісті органдарға тапсыру;

12) Облыстық мәдениет қызметкерлері кәсіпорындарымен бірлесе отырып, мәдениет мекемелері қызметкерлерінің әлеуметтік және тұрғын жағдайларын жақсарту;

13) "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" 11 шілде 1997 жылғы Заңын, тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын орындау мәселесі бойынша мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен өзара бірлесіп іс-қимыл жасау;

14) жүргізіліп отырған тіл саясатының тиімділігін арттыруға, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мен дамытуға байланысты кешенді шараларды ұсыну және оларды жүзеге асыру;

15) басқарманың құзырына жататын мәселелер бойынша ақпаратты-сараптамалық материалдар мен құжаттар әзірлеу;

16) мемлекеттік мекемелерге, қоғамдық ұйымдарға меншік нысандарына қарамастан тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді енгізуде, әр түрлі жастағы адамдар тобына мемлекеттік тілді үйретуді ұйымдастыруға нақтылы көмек көрсету;

17) мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге деректемелер мен көрнекі ақпаратты "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" 11 шілде 1997 жылғы Заңның талаптарына сәйкес рәсімдеуге көмек көрсету;

18) қаладағы ономастикалық және терминологиялық жұмыстарды үйлестіру, жергілікті басқармаларда ономастикалық комиссиялардың жұмыстарын ұйымдастыру;

19) Қазақстан Республикасынан шет тұратын қазақ диаспорасымен қазақ тілі мен мәдениетін сақтау мен дамыту мәселелері бойынша байланыс жасау;

20) Мемлекеттік, ұлттық мекемелер және даталы күндерге байланысты қала көшелерін, даңғылын, алаңдарын тақырыпқа сай безендіру.

                                                      4

Бөлім өкілдіктері.

12. Мемлекеттік тілді насихаттауға және дамытуға бағытталған мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру және өткізу барысында басқа мемлекеттік мекемелермен бірігіп іс-қимыл жасау.

13. Тіл саясаты мәселелері туралы семинарлар, конференциялар, отырыстар, ұйымдастыру, қалалық, облыстық, Республикалық деңгейдегі әртүрлі мекемелердің, органдардың, қоғамдық ұйымдардың форумдарына қатысу.

14. Белгіленген тәртіп бойынша халықтың хаттары мен арыз-шағымдарын қарау және жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру.

15. "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" 11 шілде 1997 жылғы Заңы,"Мәдениет туралы Заң","Мәдени мұра"мемлекеттік бағдарламасы, Президент жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нұсқамалық құжаттары, осы мәселе жөніндегі облыс , қала әкімдерінің шешімдері мен өкімдері негізінде оларды орындау мақсатында бұйрықтар, нұсқаулар және басқа да актілер шығару.

16. Өзінің ақпараттық-анықтамалық бюллетендерін, плакаттарын, әдістемелік материалдары шығару.

17. Тіл саясаты бойынша барлық органдар мен ұйымдардан ақпараттар, материалдар, қажетті мәліметтер және анықтамалар талап етуге, сондай-ақ тіл мәселелеріне қатысты заңның дұрыс қолданылуы туралы түсініктеме беру.

                                               Бөлім  мүлкі

          18. «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  оқшауланған мүлікті жедел басқару құқығы бар. Бөлім мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны «Ақтөбе қалалық  мәдениет  және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі балансында көрсетілген өзге де мүліктен тұрады.

          19.«Ақтөбе қалалық мәдениет  және тілдерді дамыту бөлімі»

мемлекеттік мекемесінде бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

          20.«Ақтөбе қалалық мәдениет  және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен алуға немесе оған өзге де тәсілмен билік жүргізуге құқығы жоқ.

         «Ақтөбе қалалық  мәдениет  және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мүлікке билік жасау құқығы берілген жағдайда ол мүлікке заңдарда белгіленге жағдайлар мен  шекте билік жасайды.

                                                            5

                                     Бөлім қызметін ұйымдастыру.

          21.«Ақтөбе қалалық  мәдениет  және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесін заңда белгіленген тәртіпте қала әкімі қызметке тағайындайтын және босататын бастық басқарады. «Ақтөбе қалалық мәдениет  және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде  заңмен белгіленген тәртіпте тағайындалатын және босатылатын сектор меңгерушілері басқаратын мәдени шаралар ұйымдастыру және тілдерді дамыту секторлары жұмыс істейді.

          22.«Ақтөбе қалалық мәдениет  және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы бөлім жұмысын ұйымдастырады және басқарады, жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына жеке жауап береді.

          23.Осы мақсатта бөлім бастығы:

         1)бөлімнің  құрылымдық бөлімдері туралы ережені бекітеді, олардың           функциялары мен өкілеттіктерін белгілейді;

         2)бөлімнің құрылымдық бөлімдерінің өзара байланысын реттейді;

         3)бөлімнің, қалалық мәдениет мекемелерінің штаттық кестесіне  және        

құрылымына байланысты ұсыныстар енгізеді, мамандарды орнықтыру мәселесін шешеді;

         4)еңбек ақы қорының, бекітілген санының көлемінде басқарманың         және мекемелердің штаттық кестесін бекітеді;

          5)материалдық құндылықтар мен қаржының және кредиттің бірінші        реттеушісі болып табылады, банкті және бухгалтерлік құжаттарға бірінші қол қоюға құқығы бар;

           6)Заңда белгіленген тәртіп негізінде  өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, Қазақстан Үкіметінің, қала әкімшілігінің өкімдері мен           шешімдерінің орындалуын қадағалайды;

           7)Заңда белгіленген тәртіп бойынша  басқарма қызметкерлерін тәртіптік жаза қолданады;

            8)қызметтік құжаттарға қол қояды;

                 9)мемлекеттік және басқа ұйымдарда «Ақтөбе қаласының   мәдениет                    

және  тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүддесін               қорғайды;

            10)Заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

                   Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату.

24. «Ақтөбе қалалық  мәдениет  және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50