2015 жылғы 30 қыркүйек

Жергілікті уақытпен сағат 15.00.

Күн тәртібі:

«Заречный-3» тұрғын үй массивіндегі атаусыз көшеге Әбидулла Үмбетжанұлы Биекеновтің есімін беру туралы.

Төрағалық етуші:

Серік Амантайұлы Әліпов - Ақтөбе қалалық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп, жергілікті мемлекеттік басқару  және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты  комиссиясының төрағасы.

Қатысушылар:

Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттары, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары А.А.Арынғазиева, «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ сектор меңгерушісі А.М.Құлбатыр, «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы» ММ басшысының м.а. – Т.М.Мадияр, Ақтөбе қаласының құрметті азаматы – М.С.Тәджібаева, прокуратура органының ардагері – О.С.Дәуленбаев, аумақтық округ өкілдері, қала тұрғындары.