Қазақша   Русский

RSS-лента

2017 жылғы 12 маусым Жергілікті уақытпен сағат 10.00.

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Ақтөбе қаласының және оның құрамдас бөліктерінің атаусызкөшелеріне атау беру туралы

       ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:

Шынтасова Сұлупан Панақызы – Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы.

ҚАТЫСУШЫЛАР:

         Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы – С.П.Шынтасова., Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары – Л.А.Оразбаева., Ақтөбе қаласы мәслихат аппаратының басшысы – Д.К.Мамбеталин., Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттары., «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы – Т.Шегебаев, Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері, ПИК өкілдері, қала тұрғындары.

ТЫҢДАЛДЫ:

Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы – С.П.Шынтасова

         СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:

Махамбетов Нұрлан Жаңабекұлы-Ақтөбе қалалық мәслихаты депутаты, Тасимов Ануар Төлеуғалиұлы-Ақтөбе қалалық мәслихаты депутаты, Мухит Бисеналин-қала тұрғыны, Мырзағали Қартыменұлы - Заречный-3, уч№48 тұрғыны.

Ақтөбе қаласының және оның құрамдас бөліктерінің атаусыз көшелеріне атау берусұрағы бойынша пікірлерді санау үшін дауысқа салынды.

«Жақтады» - 45

«Қарсы»- 0

«Қалыс қалған жоқ» - 0

Қоғамдық тыңдауға қатысып отырған азаматтардың дауыс беру қорытындысы бойынша Ақтөбе қаласының және оның құрамдас бөліктерінің атаусыз көшелеріне атау беру мақұлданды.

Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақтөбе қаласының атаусыз көшесіне және оның құрамдас бөліктерінің келесі атаусыз көшелеріне:

1) Ақтөбе қаласының атаусыз көшелерін – Тәуке хан, Қозы Көрпеш - Баян сұлу, Жомарт, Қаһарман, Қырмызы, Үміт, Алтынемел, Ақсұңқар, Тобылғы, Нұрлы таң, Асыл тас, Атамұра, Астана, Алматы;

2) «Рауан» тұрғын үй алабының атаусыз көшелерін -Жүсіп Баласағұн, Тайбурыл, Қыран, Ақшам, Бейбітшілік, Қабанбай батыр, Нарын, Сәйгүлік, Ырысты, Қалқаман-Мамыр, Оқжетпес, Сандықтас, Жаңашыл, Сауран, Ақсеңгір, Көкжелек, Ләйлі-Мәжнүн;

3) «Ясный» тұрғын үй алабының атаусыз көшелерін - Ақан сері, Домбыралы, Жалын, Ер Қосай, Атақоныс, Шабыт, Әдеп, Мерей, Құмсай, Қолөнер, Сал-сері, Алтай, Диқанды, Шұғыла, Ізгілік;

4) «Сая» тұрғын үй алабының атаусыз көшелерін - Жұмбақтас, Тамаша, Дулыға, Самал, Баршын, Бағаналы, Тәрбие, Жайсаң, Жайлау;                        

5) «Саяжай-1,2» тұрғын үй алабының атаусыз көшелерін - Қорқыт ата, Тасбұлақ, Асыл мұра, Ықылас, Алтыбақан, Ертегі, Кестелі, Бозінген, Көкпар;

6) 12 «Б» шағын ауданының атаусыз көшелерін - Әл – Фараби, Алмас қылыш, Алаш, Біржан сал, Отырар, Бөлтірік шешен, Алпамыс батыр, Ұлытау, Балдәурен, Ақсуат, Ақтан Керейұлы;

7) Авиатор кварталының атаусыз көшелерін - Ғарышкер, Шалқыма;

8) Авиагородок кварталының атаусыз көшелерін - Талбесік, Наурызым, Хантау;

9) Кірпішті тұрғын үй алабының атаусыз көшелерін - Жайық, Алтын ғасыр, Атбегі,Бұлақты, Маралды, Үстірт, Аламан, Атамекен, Ақберен, Айбын, Жусанды, Гүлстан;

10) «Сельмаш-1,2» шағын ауданының атаусыз көшелерін - Мирас, Берекет, Шамшырақ, Тілек, Өсиет, Молшылық, Балуан Шолақ, Табиғат, Қажымұқан Мұңайтпасұлы, Құс жолы, Жеті қазына, Келешек, Інжу-маржан, Тамаша, Майталман, Бес қайнар, Балбырауын, Сұлутөбе;

11)41 жол айрығының атаусыз көшелерін - Бидайық, Арай, Нұршашқан;

12) «Оңтүстік Батыс-1» тұрғын үй алабының атаусыз көшелерін - Кең дала, Көктем, Дауылпаз;

13) «Оңтүстік Батыс-2» тұрғын үй алабының атаусыз көшелерін - Құрманғазы, Ақбілек, Жез киік, Жәдігер, Бостандық, Кең Жазира, Қызылжар, Алтын айдар, Темірқазық, Бәйге, Тоғайлы, Сарыарқа, Тайқазан;

14) «Заречный-1» тұрғын үй алабының атаусыз көшелерін - Берен, Тұран, Мерей, Теріскей, Алтын, Айыртау;

15) «Заречный-2» тұрғын үй алабының атаусыз көшелерін - Жиренше шешен, Ақ отау, Зергер, Сымбат, Едіге батыр, Масаты, Кеңжайлау, Қарағайлы, Балбұлақ, Ақтоғай, Дастан, Сартай батыр, Құлагер, Қарлығаш, Адырна, Салбурын, Өріс, Ақбұлақ, Сұңқар, Қайыңды;

16) «Заречный-3» тұрғын үй алабының атаусыз көшелерін - Құралай, Шынарлы, Ақбесік, Базарлы, Наркескен, Зерде, Айман-Шолпан, Асар, Жасампаз, Қамбар батыр, Ер Тарғын, Сырым Датұлы, Ақжелең, Қымыз мұрындық, Жау жүрек мың бала, Жайдарман, Қазына, Қамажай, Бойтұмар, Көксерек, Сазсырнай, Қабақ, Ақсүйрік, Ақжол, Арыс, Дарабоз, Бәйтерек, Қияқты;

17) «Ақжар-2» тұрғын үй алабының атаусыз көшелерін - Үшқиян, Талапкер, Тарлан, Ынталы, Кенесары хан, Райымбек батыр, Ұлпан, Күншығыс, Наурызбай батыр, Алтын адам, Бесшатыр, Ақтасты, Алтын сақа, Саятшы, Экспо-2017, Егіндібұлақ, Жаңа ғасыр, Көкорай, Нұра, Саялы, Телқоңыр, Хан тәңірі, Жүзімдік, Көксеңгір, Жасқайрат, Сусамыр, Шалқыма, Тоғызқұмалақ, Көкпекті, Тереңсай, Еңлік-Кебек, Бейбарыс сұлтан, Шаңырақ атауын беру туралы ұсыныс мақұлдансын. 

  1. Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары – Л.Оразбаеваға:

Аталған мәселені Ақтөбе қалалық мәслихаты сессиясына ұсынсын және Ақтөбе қалалық мәслихаты мен Ақтөбе қаласы әкімдігінің бірлескен шешімін қорытынды алу үшін Республикалық ономастика комиссиясына ұсынылсын.

Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы
С.Шынтасова

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50