Қазақша   Русский

RSS-лента

2017 жылғы 22 тамыз
Жергілікті уақытпен сағат 10:00

КҮН ТӘРТІБІ:
1. Ақтөбе қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы
2. Ақтөбе қаласындағы Нариманов көшесі мен Интернациональная көшесін Шығанақ Берсиев есімімен атау туралы

ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ:
Әліпов Серік Амантайұлы – Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты.

ҚАТЫСУШЫЛАР:
Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы – С.П.Шынтасова., Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары – Л.А.Оразбаева., Ақтөбе қаласы мәслихат аппаратының басшысы – М.И.Ершеге, Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттары, «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы – Т.Шегебаев, Ақтөбе қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері.

ТЫҢДАЛДЫ:
Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары – Л.А.Оразбаева

СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:
Махамбетов Нұрлан Жаңабекұлы-Ақтөбе қалалық мәслихаты депутаты, Тасимов Ануар Төлеуғалиұлы -Ақтөбе қалалық мәслихаты депутаты, Бекенова Алмагүл Шұбайқызы - Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты, Бекенов Құдайберген Елтекұлы - Қоғамдық кеңесінің төрағасы, Үмбетай Амантай Үмбетайұлы - Қоғамдық кеңесінің мүшесі.

1. Ақтөбе қаласының кейбір көшелерін қайта атау сұрағы бойынша пікірлерді санау үшін дауысқа салынды.

«Жақтады» - 15
«Қарсы»- 0
«Қалыс қалған жоқ» - 0

2. Ақтөбе қаласындағы Нариманов көшесі мен Интернациональная көшесін Шығанақ Берсиев есімімен атаусұрағы бойынша пікірлерді санау үшін дауысқа салынды.

«Жақтады» - 15
«Қарсы»- 0
«Қалыс қалған жоқ» - 0
Комиссия отырысына қатысып отырған азаматтардың дауыс беру қорытындысы бойынша Ақтөбе қаласының кейбір көшелерін қайта атау және Ақтөбе қаласындағы Нариманов көшесі мен Интернациональная көшесін Шығанақ Берсиев есімімен атау мақұлданды.

Ақтөбе қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Ақтөбе қаласының кейбір көшелеріне:
1) Пугачев көшесін - Мұхтар Әуезов көшесі;
2) С.Разин көшесін – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы көшесі;
3) Первомайский көшесін – Сырым батыр көшесі;
4) Р.Люксембург көшесін – Дина Нұрпейісова көшесі;
5) Совхозный проездкөшесін – Үш таған көшесі;
6) Щорс көшесін – Арай көшесі;
7) Д.Бедныйкөшесін – Қасым хан көшесі;
8) Кольцов көшесін – Орал көшесі;
9) Ударный көшесін – Темірқазық көшесі;
10) М.Т.Ряхов көшесін – Махмұд Қашқари көшесі;
11) Кобозевкөшесін – Бурабай көшесі;
12) Ағ.Коростылевтар көшесін – Керейхан көшесі;
13) Краснощеков көшесін - Атырау көшесі;
14) Жуковский көшесін – Жәнібек хан көшесі;
15) В.Ф.Зинченко көшесін – Едіге батыр көшесі;
16) В.И.Чапаев көшесін – Шәкен Айманов көшесі;
17) Л.Мирзоян көшесін – Әлихан Бөкейханов көшесі;
18) Декабристер көшесін - Сауран көшесі;
19) Котовский көшесін – Ғабит Мүсірепов көшесі;
20) Воровский көшесін - Заңғар көшесі;
21) Киселев көшесін – Мөңке би көшесі;
22) Ленинградский көшесін – Мұхамеджан Тынышбаев көшесі;
23) Земледельческий көшесін – Алтынемел көшесі;
24) Патоличев көшесін – Білге қаған көшесі;
25) Гарнизон көшесін – Жанша Досмұхамедұлы көшесі;
26) Бабушкин көшесін – Самұрық көшесі;
27) Тельман көшесін – Ырғыз көшесі;
28) Куйбышев көшесін – Сығанақ көшесі;
29) 70 лет октября көшесін – Жерұйық көшесі;
30) Фрунзе тұйық көшесін - Ізгілік көшесі;
31) Қарғалы ауылдық округіндегі 60 лет октября көшесін – Сарыжайлау
көшесі, Советский көшесін – Балдырған көшесі;
32) Қурайлы ауылдық округіндегі Фучик көшесін – Теректі көшесі;
33) Новый ауылдық округіндегі Советский көшесін – Орынбор көшесідеп қайта атау туралы ұсыныс мақұлдансын.
2. Ақтөбе қаласындағы Нариманов көшесі мен Интернациональная көшесін Шығанақ Берсиев есімімен атау туралы ұсыныс мақұлдансын.
3. Аталған мәселені Ақтөбе қалалық мәслихаты сессиясына ұсынсын және Ақтөбе қалалық мәслихаты мен Ақтөбе қаласы әкімдігінің бірлескен шешімін қорытынды алу үшін Республикалық ономастика комиссиясына ұсынылсын.

Төрағалық етуші
С.Әліпов

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50