Қазақша   Русский

RSS-лента

Қосылды: 10 Қыркүйек 2015, 09:11, Өзгертілді: 10 Қыркүйек 2015, 09:55

Қазақстан Республикасы

     Энергетика министрлігінің

2015 жылғы «    »

№           бұйрығына

2-қосымша

«Жасыл» технологиялар мен инновациялардың

виртуалдық конкурсын өткізу туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1.Осы Ереже «жасыл» технологиялар мен инновациялардың виртуалдық конкурсын(бұдан әрі–Конкурс)өткізу тәртібі мен қағидаларын айқындайды. Конкурс виртуалды форматта өткізіледі.

2.Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы»ЗТБ Конкурс ұйымдастырушылары болып табылады.

3.КонкурсVI азаматтық форумның ұсынымдарын іске асыру жөніндегі2014-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 17-тармағын орындау мақсатында өткізіледі.

4. Ережеде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) конкурс –жобаларды іріктеу бойынша конкурстықрәсімдер;

2)Конкурстың интернет ресурсы–Конкурсқа өтінімдер беру және қатысу үшін интернет сайттары –http://www.gbpp.org, http://www.konkurs.greenkaz.org

3) өтінім–қонкурсқа қатысуға қажетті, белгіленген нысандағы құжаттар мен мәліметтер;

4) өтінім берушілер – «жасыл» жобаларды іске асыратын жеке және заңды тұлғалар;

5) «жасыл» жоба – «жасыл» технологиялар идеяларын өндірушілер, өнім берушілерболып табылатын жеке және заңды тұлғалар,сервистік компаниялар, әзірлеушілер мен меншік иесі іске асыратын, қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендетуге бағытталған жобалар.

6) «жасыл технологиялар» тізілімі– энергия және ресурс тиімділігінің көмегімен қоршаған ортаға теріс әсерін азайтуға бағытталған түрлі салалардағы инновациялық шешімдер тізбесі;

7) сараптамалықкомиссия– Конкурс өтінімдерін іріктеуді жүзеге асыратын Конкурстың тақырыптық бағыттары саласындағы сарапшылардан тұратын комиссия.

2. Конкурсты өткізудің мақсаттары мен міндеттері

5.Конкурсты өткізу мақсаттары– экологиялық қауіпсіз технологиялар мен инновацияларды ұлттық деңгейде жариялау, сондай-ақ конкурсқа берілген өтінімдер арасынан сараптамалық комиссияның шешімімен таңдап алынған «жасыл» жобалар бойынша мәліметтерді «жасыл» технологиялар тізілімінде орналастыру арқылы оларды пайдалануға қолдау көрсету.

6.Конкурсты өткізудің міндеттері:

-перспективті инновациялар, энергия- және ресурс үнемдеуші және «жасыл» технологиялар,технологиялар және экожүйелікқызметтер трансфертініңүздік практикасы базасын құру;

-сарапшылардың, халықаралық және ұлттықконкурстар менкөрмелержүлдегерлерінің, қаржы институттарының, қорлар мен даму институттарының, әлеуетті инвесторлардың, демеушілердің, инновацияның ақпараттық порталдарының, бұқаралық ақпарат құралдарыныңдеректер базасын қалыптастыру;

- ең тиімді жобаларды, технологияларды, өндірістерді саралау және тиістітізілім жүргізу.

3. Конкурстың тақырыбы мен атауы

7. Конкурс келесі тақырыптық бағыттарды қамтиды:

1) жаңартылатын энергиякөздері саласындағыинновациялар;

2) энергиялық тиімді және ресурс үнемдеуіш технологиялар;

3) экожүйелердісақтаужәнетиімді басқаруәдістері;

4) тұрақтыжәнежоғарыөнімдіауыл шаруашылығынаарналғантәжірибе;

5) қалдықтардыбасқару менкәдеге жаратудың тиімдіәдістері;

6) су ресурстарынорнықты пайдалану бойынша тиімдітехнологиялар;

7) атмосфераға ластаушылар заттар шығарындыларыназайтуға бағытталғантехнологиялар.

8. Өтінім берушілер келесі номинациялар бойынша конкурсқа қатыса алады:

1)    «жасыл» технологиялардың ең үздік өндірушісі;

2)    «жасыл» технологиялардың ең үздік өнім берушісі;

3)    «жасыл» технологияларды қолданған ең үздік кәсіпорын.

4. Конкурстуралы хабарлама

9. Конкурсты ұйымдастырушылар Конкурсты өткізу туралы хабарламаны Конкурсұйымдастырушылары мен серіктестерінің сайтында, сондай-ақ басқа дабұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

10. Конкурсты өткізу туралы ақпарат келесі мәліметтерден тұрады:

1) Конкурсұйымдастырушыларының байланыс телефондары(анықтама үшін қалалық телефон нөмірлері, электрондық және пошталық мекенжайлары);

2) Конкурсқақатысуға өтінімдерберудің мерзімі;

3) Конкурс туралы толық ақпаратқа сілтемелер.  

5. Өтінімдердіберу және қараумерзімі

11. 2015жылдың10 шілдесі –Конкурс туралы хабарландыру;

2015 жылдың 10 шілдесі – 2015 жылдың 30 қыркүйегі – Конкурстың интернет ресурсында өтінімдерді қабылдау;

2015 жылдың 1 қазаны–2015 жылдың 15 қазаны– Сараптамалық комиссияның өтінімдерді іріктеуі және интернет ресурастарына Конкурстыңқорытындысын орналастыру.

6.  Сараптамалық комиссияның қызмет тәртібі

12. Сараптамалық комиссия саны бес адамнан кем емес, Төрағадан, төраға орынбасарынан және Сараптамалық комиссияның мүшелерінен тұрады.

13.Сараптамалық комиссияның құрамына мемлекеттік және жеке меншік сектор, үкіметтік емес ұйымдар, ғылыми-білім беру мекемелері, қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар өкілдері кіре алады.

14. Сараптамалық комиссияның хатшысы Сараптамалық комиссияның мүшесі болмайды және шешім қабылдау кезінде дауыс беру құқығы жоқ.

15.Белгілі бағыттағыжобалардыбағалау үшін Сараптамалық комиссия құрамына енгізбей, Сараптамалық комиссиятөрағасыныңшешімі бойынша  тиісті құзыреті бар сарапшылар шақырылуы мүмкін. 

16.Сараптамалық комиссияның шешімдері комиссияның әр мүшесінің баллдық бағалау нәтижесінің негізінде қабылданады. Бұл ретте, кворум Сараптамалық комиссияның мүшелер санының 2/3 кем болмауы тиіс. Сараптамалық комиссияныңконкурстың әр кезеңіндегі шешімі Сараптамалық комиссияның Төрағамен/ төрағалық етушісімен және Сараптамалық комиссияның хатшысымен қол қойылатын хаттамамен ресімделеді.

17.Сараптамалық комиссияныңмүшелеріөз функцияларынорындау кезiндеоған белгілі болған, қаралып жатқанмәселетуралы құпия ақпаратты жариялауға, сондай-ақ Конкурстыңұйымдастырушылары мен өтінім берушілерге зиян келтіретін, көпшілікке арналмаған ақпаратты (инсайдерлік ақпарат) жеке мақсатта пайдалануға құқылы емес.

18.Сараптамалық  комиссияны Төраға басқарады,ол:

1) Сараптамалық комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

2) Сараптамалық комиссияныңәрбіротырысыныңкүн тәртібінайқындайды;

3) Сараптамалық комиссияның отырыстарын щақырады және төрағалық етеді;

4) Сараптамалық комиссия мүшелерінің, мамандар мен өзге де тартылған тұлғалардың өзара іс-қимылын үйлестіреді;

5) Комиссияшешімдерінің іске асырылуына жалпыбақылауды жүзеге асырады;

6) осы Ережедентуындайтынөзге де шараларды қабылдайды.

19.Сараптамалық комиссияның ұйымдастыру қызметі Сараптамалық комиссияның хатшысымен қамтамасыз етіледі.

20.Сараптамалық комиссияның хатшысы:

1)Сараптамалық комиссия мүшелерінематериалдардыдайындайдыжәне

таратады;

         2)Сараптамалық комиссиямүшелерін сараптамалық комиссия  отырысыныңорны, күні және уақытытуралыхабарлайды;

         3)Сараптамалық комиссияотырыстарының хаттамаларынресімдейді;

         4) дауыстардысанауды жүзеге асырады;

         5)осы Ережедентуындайтын өзге дефункцияларды орындайды.

7. Конкурсқа қатысуға өтінімдердіқабылдаужәне қараутәртібі

21. Конкурсқа өтінімдер электронды түрде Конкурстың Интернет ресурстарында қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

22. Өтінімдер ұсынылған құжаттардың толықтылығына сәйкестігі қарастырылған соң өтінімдер тіркеледі және Конкурстың Интернет ресурстарында жарияланады.

23.Өтінім ұсынудың аяқталу мерзімі 2015 жылдың 30 қыркүйегі, сағат 18.00-ге дейін (Астана уақыты бойынша). Ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін ұсынылған өтінім тіркеуге жатпайды.

24. Өтінім берушілер Конкурсты Ұйымдастырушыларға Конкурсқа дайындық және өтінімдерді ресімдеу, Конкурстың өту тәртібі мәселелері және басқа да мәселелер бойынша түсіндіріп беруіне жүгінуге құқылы.

25. Өтінім берушілердің осы Ерженің 27-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін ұсынылған құжаттары қайтару себептерін көрсетіп, электрондық пошта арқылыкері қайтарылады. Өтінім беруші себептерді жойып, егер өтінімдер қабылдау мерзімі аяқталмаса, Конкурсқа қатысуға құжаттарын қайта жіберуге құқылы.

26. Өтінімдер тіркелген соң, Конкурстың Ұйымдастырушылары Сараптамалық комиссия мүшелерінің қарауына материалдарды әзірлеп, жалпылайды.

8. Өтінімге қойылатын талаптар

27. Конкурсқа қатысу үшін өтінім келесіні қамтуы тиіс:

1)Т.А.Ә/ заңды тұлғаның атауы, тіркелген күні, телефон нөмірі, мекенжайы, электрондық поштасының мекенжайы, қызмет түрі, сипаттамасы қамтылған Өтінім берушінің анкетасы;

2) мыналарды:

а) жобаның атауын;

б) жобаның іске асырылатын орнын;

в) жобаның мақсаты мен міндеттерін;

д) жобаның өзектілігін;

е) технологиялардыңтехникалықсипаттамасы мен суреттемесін;

з)Тұсаукесерқұжаттарынқамтитынжобаныңсипаттамасы.

9. Іріктеукезеңдерін өткізу тәртібі

28. Конкурстың өтінімдерін қарастыру Сараптамалық комиссиямен жүргізіледі. Іріктеу кезеңін өткізу форматы Конкурсты Ұйымдастырушыларының қарауына қарай анықталады.

Іріктеу кезеңін өткізу форматы туралы ақпаратты Конкурстың Ұйымдастырушылары өтінімдерді жинақтау аяқталған соң, өз сайттарында орналастырады.

29. Өтінімдер осы ережеге 1-қосымшаға сәйкес бағаланады.

30. Сарапшылардың бағалау және дауыстарды санау нәтижесінде барлық өтінімдер жиналған ұпайлар сомасы бойынша сараланып, ең көп ұпай жинаған үш жеңімпаз іріктеледі.

10. Конкурс қорытындысын шығару

31. Конкурс жеңімпаздары құрмет грамоталарымен награтталады. Талаптарға сай келетін технологиялар «жасыл технологиялар» тізіліміне енгізіледі және «Астана ЭКСПО-2017»халықаралық мамандандырылған көрмесінің алаңдарында/форумдарында орналастырылады. Ақпарат Конкурсты Ұйымдастырушылардың интернет ресурстарында орналастырылады.

32. Конкурс қорытындысы 10 жұмыс күні ішінде Сараптамалық комиссияның хаттамасымен рәсімделеді. Конкурс қорытындысы бұқаралық ақпарат құралдарында және (немесе)Конкурсты Ұйымдастырушылырдың веб-сайтында оның ресімделген сәтінен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей орналастырылады.

33. Өтінімдер қайтарып алуға жатпайды және Конкурстың Ұйымдастырушыларында сақталады.

«Жасыл» технологиялар мен инновациялардың виртуалдық  конкурсын өткізу туралы ережеге1-қосымша

_____________________________________________________________

(жобаныңатауы)

Бағалау критерийлерінің атауы

0 ден 10 ұпайға дейін критерийдің баллдық бағасы

Сарапшының пікірлері

1

Жобаның жаңалығы және инновациялық құрамдас бөлігі (бірегейлігі, түпнұсқалығы, теңдесі жоқ, импорттың орнын баса алатын)

   

2

Жобаның коммерциялық әлеуеті мен іске асырылуы (нарық тұжырымдамасының негізділігі, өнімге немесе қызметке сұраныс әлеуеті)

   

3

Жобаның өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы (жобаның әлеуметті кәсері, ашылатын жұмыс орындар саны, өнім мен өндірістің экологиялығы)

   

4

Алдағы 10 жыл үшін таңдалған технологияның болашағы

   

5

Жобаның экономикалық тиімділігі (қайтарымдылығы, ресурстарды пайдаланудың тиімділігі)

   

Қорытындыұпай (бағалау критерийлері бойынша ұпай сомасы)

   

Сараптамалық комиссияның мүшесі                      Т.А.Ә.                       (қолы)                                                          

Күні: «____» _________2015 жыл

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50