Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе қаласы әкімдігінің 

                                                                                    2010 жылғы 8 ақпандағы 

                                                                                                  № 430 қаулысымен 

                                                                                    бекітілді

 

 

«Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ       

 

                                                                                      

 1. Жалпы ережелер                                                                                                                                                    

         

          1. «Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай «Кәсіпкерлік бөлімі»), кәсіпкерлік саласында мемлекеттік саясаттың дамуын бақылау қызметтерін атқару жүктелген және Ақтөбе қаласының экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз етуге негізделген  мемлекеттік орган болып табылады.                                

2. Кәсіпкерлік бөлімі қызметінің негізгі бағыттары:

          1) қаладағы   кәсіпкерлікті   дамыту   және    қолдауда   ортақ   саясатты жүргізу;

          2) кәсіпкерліктің дамуына ықпал ету, шағын кәсіпкерліктің дамуына қолайлы экономикалық жағдай қалыптастыру;

          3)  индустриалды - инновациялық қызметті дамыту;

          4) сауда,   қызмет   көрсету   және   туризм    саласындағы    қызметтерді дамыту;

          3. Кәсіпкерлік бөлімі өз қызметтерінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысын, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, облыс, қала әкімдігінің қаулыларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.                                                                                                                                                                

4. Кәсіпкерлік бөлімі заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы, мөрі, жоғарысында өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған бекітілген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ банкте заңмен сәйкестендірілген өз шоты болады.

          5. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

          6. Кәсіпкерлік бөлімінің құрылтайшысы және мемлекеттік басқару органы Ақтөбе қаласы әкімдігі атынан жергілікті атқарушы орган болып табылады.

          7. Кәсіпкерлік бөлімнің уәкілетті органы «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» ММ болып табылады.

          Аталған Ереже кәсіпкерлік бөлімінің құрылтайшы құжаты  болып табылады. Кәсіпкерлік бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен осы органның  қызметіне жататын міндеттерді орындауда келісім жасауға тыйым салынады.

          8. Кәсіпкерлік бөлімі өз міндетіндегі сұрақтар бойынша заңмен бекітілген тәртіпте бұйрықтар шығарады.

          9. Кәсіпкерлік бөлімінің Ережесі мен штат саны қала әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.

          10.  Кәсіпкерлік бөлімнің бөлімшелері және өкілдіктері жоқ.

          11. Кәсіпкерлік бөлімінің заңды мекенжайы: 030002, ҚР, Ақтөбе   облысы,  Ақтөбе қаласы, Ы.Алтынсарин көшесі, 2

         12. Кәсіпкерлік бөлімнің мемлекеттік тілде толық атауы - «Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» Мемлекеттік мекемесі және орыс тілінде – Государственное учреждение  «Отдел предпринимательства города Актобе».

        

     2. Кәсіпкерлік бөлімнің негізгі міндеттері, мәні, мақсаты,

қызметі мен құқығы   

         13. Бөлімнің негізгі мәні мен мақсаты шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың  мемлекеттік саясатын жүзеге асыру болып табылады.

         14. Бөлімнің негізгі міндеттері келесідей:

1) Қазақстанның 2030 жылға дейін даму стратегиясына сәйкес қаланың өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету, туризм саласының экономикалық дамуыныңа әртүрлі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және жүзеге асыру;   

 2) кәсіпкерлік, сауда саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағытын,  стратегиялық мақсаттары мен басымдылықтарын, қаладағы инвестициялық қызметтің және индустриялды-инновациялық дамуды   қалыптастыру;

         3) қала халқын өнеркәсіп және азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету үшін сауда және өнеркәсіп кәсіпорын қызметі және  қызмет көрсету мәдениеті мен сапасын жоғарылату;

4) кәсіпкерліктің дамуына қолайлы экономикалық жағдай туғызу, инновациялық қызметтің инфрақұрылымын қалыптастыру;

         5) ғылыми негізделген жоғары технологиялық экспорттық бағыттағы өндіріс құруға және кәсіпорындарда сапа менеджментінің халықаралық жүйесін енгізуге  жағдай жасау;

6) кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауда мемлекеттік сауда саясатын жүргізуді ұйымдастыру;

7) жергілікті тауар нарығын кеңейтуде қаланың экспорт-импорттық әлеуетін тиімді пайдалануға ықпал ету;

8) негізгі тамақ өнімдерінің тұтыну бағасын тұрақтандыруға бағытталған шаралар қабылдау;

15. Кәсіпкерлік бөлімі өзіне жүктелген міндеттермен қоса мынадай қызметтерді атқарады:

          кәсіпкерліктің дамуы мен қолдау саласында аймақтық, стратегиялық бағдарламаларды әзірленуі мен таралуын, қаладағы инвестициялық қызметтің және индустриялды-инновациялық дамытуды жүзеге асырады;

 кәсіпкерліктің дамуына мониторинг жүргізеді (кәсіпорын өнімінің көлемі, кәсіпкерлік субъектілерінің саны, қайтадан құрылған жұмыс орындары туралы және т.б.)

 қала аумағында кәсіпкерлік қызметтің ахуалына кешенді талдауды жүзеге асырады және шағын және орта бизнестің дамуының басым бағыттарын анықтайды;

 қаладағы шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жұмысына экономикалық талдау жүргізуге қатысады;

 өнеркәсіп кәсіпорындарында жаңа технологияларды қолдану арқылы инвестиция тарту үшін басым инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуына көмек көрсету;

 Ақтөбе қаласы үшін басым инвестициялық жобаларды талдауға және іріктеуге қатысады және мемлекеттік даму институттарынан қаржылай көмек алуға жәрдемдеседі;

          қала үшін басым жобаларды жүзеге асыруда кәсіпкерлік қызметті қолдайды;

          тұтыну тауарларының маңызды түрлеріне мониторинг жүргізіп, бағаға талдау жасайды, бағаның көтерілу себебі мен оның инфляция көрсеткіштеріне әсер ету деңгейін анықтайды.

          шағын кәсіпкерлікті қолдауда инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз етуге жағдай жасайды;

          бөлшек және көтерме сауда, қоғамдық тамақтандыру, туристік қызмет көрсетуде Ақтөбе қаласы аумағында  ортақ мемлекеттік саясаттың жүргізуін қамтамасыз етеді;

          тауарлар мен қызметтерге мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастырады;

          аталмыш тауарларға бағаны тұрақтандыру мен халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында мемлекеттік реттеу мен сауда базарларының қызметіне ықпал етеді;

          қала базарларының категориясын иелену жұмыстарын ұйымдастырады;

         Қазақстан Республикасының 2006-2010 жылдарға арналған гендерлік теңдік Стратегиясының жүзеге асуына ықпал жасайды.

          кәсіпкерлік объектілерінің орналасуы бойынша база (реестр) жинақтайды;

          қала әкімі, әкімнің орынбасарларына кәсіпкерлік қызмет сұрақтары бойынша ақпараттық, талдамалы, анықтамалық материалдар дайындайды;    сауда мен қызмет салаларының нысандарын дамыту және орналастыру бойынша ұсыныстарды қарайды;

қалалық мәдени-бұқаралық іс-шараларға сауда қызметін ұйым- дастырады;

         қала әкімдігі жанындағы инвестициялық жобаларды қарау жөнін-дегі комиссияның, Ақтөбе қаласында тауарларға (қызметтер) бағаны тұрақтандыру Штабының (комиссия),  аккредитациялау жөнінде кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестік комиссиясының, Ақтөбе қаласы әкімшілігі жанынан кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің жұмысшы органының қызметін жүзеге асырады;

         нарықты бәсекеге қабілетті тауарлармен толықтыру мақсатында кәсіпкерлікке маркетингтік зерттеулер жүргізеді;

         кәсіпкерлік қызметтің дамуына және тікелей инвестициялар легінің көбеюі үшін қала аймағында инвестициялық жағдай туғызады;

       қалада кәсіпкерліктің дамуы мен құрылу турасында әкімшілік, құқықтық, экономикалық және ұйымдық кедергілерді жою туралы ұсыныс енгізеді;

       кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорымен және басқа да қаржылық ұйымдармен бірлесе жұмыс жасайды;

       сыртқы және ішкі нарықта отандық тауар өндірушілердің өнімдері өткізуде мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етуге және импорттық дамуға көмектеседі;

       кәсіпкерліктің дамуына қатысты Заңдарды жетілдіру үшін жоғары органдарға ұсыныс жасайды;

       кәсіпкерлікті дамыту, қорғау, қолдауға байланысты қолданыстағы заңнамалардың сақталуына бақылау жасайды.

       бұқаралық ақпарат құралдарында кәсіпкерліккке қатысты сұрақтардың жариялануын ұйымдастырады;

       Ақтөбе қаласы бойынша төтенше жағдайда тамақтандыру және сауда Қызметі жұмыстарын ұйымдастырады;

       өндіріс және сауда саласында көрмелер, дөңгелек үстелдер, семинарлар, тренингтер, конкурстар мен ауылшаруашылық жәрмеңкелер өткізу жұмыстарын ұйымдастырады.

       кәсіпкерлік қызметіне байланысты сұрақтар бойынша кәсіпорындарға әдістемелік, ақпараттық кеңестер береді;

       азаматтардың ұсыныстары мен арыздарын қарау жұмыстарын ұйымдастырады.

         16. Кәсіпкерлік бөлімі қызметін жүзеге асыруда өзіне жүктелген мін- деттерді орындау үшін құқылы:

белгіленген тәртіпте талдау үшін басқармалар, комитеттер, бөлімдер, шаруашылық субьектілері мен жеке тұлғалардан қажетті ақпараттар мен материалдар сұратуға және алуға; 

өз құқығына енетін мәселелер бойынша атқарушы биліктің басқа да органдарының кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің басшылары мен мамандарын қатыстыра отырып белгіленген тәртіпте жиналыстарға шақырып, өткізуге қатысуға; 

осы Ереженің талаптарына сай қызметтерді орындау үшін қажетті басқа да құқықтарды іске асыруға;

    

     3. Кәсіпкерлік бөлімнің мүлігі  

17. Бөлімнің мүлігі Ақтөбе қаласының әкімдігімен берілген мүліктер есебінен қалыптасады және негізгі қор мен айналым құралдарынан, сондай-ақ құны бөлімнің балансында көрсетілген басқа да мүліктерден тұрады.                                                 

18. Бөлімнің мүлігі оған тікелей басқару құқығында тиесілі және мемлекеттік коммуналды меншікке жатады.

19. Бөлімнің өздігінен басқаға беруге немесе өзге жолдармен бекітілген мүлікке иелік жүргізуге құқығы жоқ. 

Бөлімге мүлікке иелік ету құқығы берілген жағдайда, бөлім мүлікке белгіленген заңдылық шегінде иелік ете алады.

20. Құрылтайшылар мекеме мүлігіне меншік құқығын сақтап қалады.

21. Мекеме жоспарлы есеппен бөлінген қаржыға сатып алынған мүлікті өз бетінше  иесіз қалдыруына және басқа да тәсілдермен иелік етуге құқы жоқ.

22. Кәсіпкерлік бөлім жұмысын тоқтатқан жағдайда бөлім мүлігі Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес құрылтайшыға (уәкілетті органға) беріледі.

4. Кәсіпкерлік бөлімінің қызметін   

                                                     ұйымдастыру 

23. Кәсіпкерлік бөлімін Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қала әкімімен лауазымға бекітілетін және лауазымнан босатылатын басшы басқарады.

          24. Бөлім басшысы бөлім жұмысын ұйымдастырады және басшылыққа алады және бөлімге тапсырылған мәселенің орындалуын және олармен өз қызметтерінің жүзеге асырылуын жеке жауапкершілігіне алады.

 Мемлекеттік қызметкер жемқорлық бойынша құқық бұзушылық жасаған жағдайда бөлім басшысы жауапкершілікке тартылады.

25. Кәсіпкерлік бөлім басшысы:

         1) бөлім қызметіне басшылық етеді, оны барлық мекемелерде, кәсіп- орындарда және ұйымдарда көрсетеді;

2) өзінің орынбасары мен мамандарының міндеттері мен басқару өкілеттілігін анықтайды;

3) Заңмен бекітілген тәртіпте бөлім қызметкерлерін мадақтайды және оларға сөгіс жариялайды;

         4) өкілеттілігі шегінде бұйрықтар шығарады, сілтемелер береді, жұмыс бабының құжаттарына қол қояды;

         5) берілген ассигнация шеңберінде штаттық кестелер мен бөлім жұмысы шығындарының сметасын жасақтайды және қала әкімдігіне бекітуге ұсынады;

         6) жемқорлыққа қарсы шаралар өткізеді;

         7) Заңға сәйкес басқа да басшылықты жүзеге асырады.

                    5. Кәсіпкерлік бөлімін қайта ұйымдастыру және     

                                               жұмысын тоқтату

  

         26. Бөлімнің  қайта  ұйымдастырылуы  және  жұмысының  тоқтатылуы Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес жүзеге асырылады.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50