Қазақша   Русский

RSS-лента

Кәсіпкерлерге

Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер Палатасы «100 шағын бизнеске арналған жобалар» анықтамалығын даярлады.
Бизнесті басқару үдерісі – бұл нұсқаулық бойынша жұмыстан гөрі, шығармашылыққа жақын жұмыс, сондықтан бұл анықтамалық бастаушы бизнесмен үшін жол көрсеткіш болып табылады. Ол ауылдық жерлерде кәсіпкерлік қызмет түрлерін кеңейту, ауылдық жерлерде жұмыспен қамту мәселелерін шешу, бастаушы кәсіпкерлер үшін бизнес-мектептер базасында оқытушы семинарлар өткізу мақсатында құрылған.
Біздің анықтамалығымызда Сіз әралуан бағыттар бойынша шағын бизнес үшін 100 типтік жобаларды табуға болады. Бизнес-жоспар – бұл байлық пен табысқа алып келетін кәсіпкердің жол картасы.

«100 шағын бизнеске арналған жобалар» анықтамалығы

Ақтөбе қаласында «Бизнес-Кеңесші 2» жобасы шеңберінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлер үшін «Компанияны дамыту құралы ретінде жобаларды басқару» тақырыбында семинар өтеді.

            Аталмыш оқытуда Сіз бизнестің тиімділігін қалай арттыруға болатындығын, жобаларды басқаруда негізгі аспектілердің қандай болу керек екендігін, жобаны қалай жоспарлау қажет екендігінмеңгересіз, жобаны қаржыландырумен танысасыз, жобаны топпен басқару, жобаның тәуекелділігі, жобаны іске асыруда байланыстар орнату мен тағы да басқа тиімді білім мен дағдыларды меңгересіз.

Сізге 2014 жылдың 28-29 тамыз аралығында Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі Қазақстан Республикасындағы «МАШАВ» Израилдік халықаралық ынтымақтастық орталығымен бірігіп«Байланыс пен Ынтымақтастық – шағын және орта бизнесті дамытудағы бүгінгі тенденциялар»тақырыбында семинар өтеді.

         Қызығушылық танытқан жағдайда, төмендегі тапсырыс үлгісін толтырып, 22 16 06, 21 55 51 байланыс телефондары арқылы Ақтөбе қаласының кәсіпкрлік бөліміне хабарласуыңызға болады.

«Байланыс пен Ынтымақтастық – шағын және орта бизнесті дамытудағы бүгінгі тенденциялар»семинар-тренингіне қатысу үшін тапсырыс

Мені қатысушылар құрамына қосуыңызды өтінемін.

Кәсіпорын атауы

 

(кәсіпорынның толық атауы мен қызмет түрі)

(мекен-жайы)

 

(Басшының аты-жөні, тегі)

(жұмыс және ұялы телефоны)

 

(электронды пошта атауы)

Толтырылған күні   _______________

Сізге 2014 жылдың тамыз-қазан айлары аралығында ірі және орта бизнес-құрылымдары үшін келесідей шаралар өтетіні туралы хабарлаймыз:

-ағымдағы жылдың 20-25 тамызы аралығында Алматы облысы, Панфилов ауданы Қытай елімен бірге «Хоргос» халықаралық шекаралық ынтымақтастықтың халықаралық орталығы аумағында «Хоргос Жібек жолы бойынша» Екінші Сауда жәрмеңкесі» өтеді;

-ағымдағы жылдың қазан айында (күні анықталуда) Атырау қаласында «Зияткерлік меншікті құқықтарын қорғау және сақтау 2014» тақырыбында семинар өтеді;

-а.ж. 13-14 қазан аралығында Ташкент қаласында кезекті Х-Халықаралық өзбек мақта және тоқыма жәрмеңкесі болады;

-а.ж. 17 қазанында Алматы қаласында II-Халықаралық Алматы инвестициялық форумы болады.

  Егер қызығушылық білдірсеңіз, Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөліміне 21-55-51 телефоны арқылы хабарласуыңызғаболады.

Шараларды өткізу жоспары

Шара атауы

Мерзімі

Өткізу орны

Мақсаты

Байланыс телефоны

1

«Хоргос Жібек жолы бойынша» Екінші Сауда жәрмеңкесі»

А.ж. 20-25 тамыз аралығы

Алматы облысы, Панфилов ауданы

Өзара сауда-экономикалық қарым-қатынас

 

2

«Зияткерлік меншікті құқықтарын қорғау және сақтау 2014» тақырыбында семинар

А.ж. қазан айы

Атырау қаласы

Құқықбұзушылықтың анықтау мен олардың алдын алу, жасанды дәрі-дәрмек препараттарды анықтау, тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрмыстық бұйымдардың зияткерлік меншікті құқықтарын қорғау.

8 (7122) 357-332

3

Кезекті Х-Халықаралық өзбек мақта және тоқыма жәрмеңкесі

А.ж. 13-14 қазан аралығы

Ташкент қаласы

Өзбек мақталар жеткізу бойынша келісім-шарттар жасасу, сауда мақталары бойынша ұзақ мерзімді әріптестікті дамыту, мақтаны өткізу бойынша тауар-шикізатының биржасында Өзбекстан республикасының сауда сессиясының жұмысына қатысуға мүмкіндік алу.

8 (7172) 245-137 Адилова А.

4

II-Халықаралық Алматы инвестициялық форумы

А.ж. 17 қазан

Алматы қаласы

Транспорттық-логистикалық инфрақұрылымды, ұлттық инновациялық жүйені, туризм мен жасыл экономикаға көшу негіздерін дамыту.

8 (7272) 720-256

Сеитов Т.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50