Қазақша   Русский

RSS-лента

1. Жалпы ережелер
1. "Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі агроөнеркәсіп кешені және ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволарыжоқ.
3. "Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 030002, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі, 3.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы,негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Ақтөбе қаласының агроөнеркәсіп кешенінде егін шаруашылығы және мал шаруашылығы салаларын дамыту.
15. Міндеттері:
1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
2) агроөнеркәсіптік кешенінің нарықтық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, отандық өнiмнiң бәсекелестiк артықшылығын қолдауға қолдау жасау;
3) ауыл шаруашылығы өндірісіне жаңа техникалар мен алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу;
4) ауыл шаруашылығын техникалық жарақтандыруға қатысу;
5) ауыл шаруашылығында жергілікті және шетелдердің жаңа жетістіктерін оқып танысу және насихаттау;
6) қаланың агроөнеркәсiптiк құрылымдарын инвестициялауды жүзеге асыру;
7) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын асыл тұқымды өнімнің әрбір түріне субсидияны іске асыру;
8) бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректерді есепке алуды жүргізу;
9) зиянды ағзаларға фитосанитарлық мониторинг жүргізуде жеке және заңды тұлғаларға әдістемелік көмек көрсету, сонымен қатар өсімдік қорғау туралы қала тұрғындары арасында түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу.
16. Функциялары:
1) экономикалық жен статистикалық ақпаратты жинау және талдау, тұтынушылық сұранысты талдау, сату нарығының жағдайы (маркетингтік зерттеулер), ауылшаруашылығы өнімдерін тұтынушылар мен өндірушілердің құрым-қатынас орнатуына жағдай жасау, экспорт бойынша ұсыныстарды дайындауға қатысу;
2) ауыл шаруашылығы өндірісі мен өңдеу өнеркәсіптерінің әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жасау;
3) Ақтөбе қаласы аграрлық секторының өндірістік қызметінің талдауын жүзеге асыру;
4) ірі қара малын қолдан ұрықтандыру қызметтерін ұйымдастыру;
5) ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу және есепке алу, тиісті құжаттар мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін беру;
6) ауыл шаруашылығы техникаларын басқару құқығына емтихан қабылдау және жүргізу куәліктерін беру;
7) ауыл шаруашылығы техникаларының жыл сайынғы техникалық байқауын жүргізу;
8) ауыл шаруашылығы техникаларының кепілін тіркеу;
9) ауыл шаруашылығы техникаларын сенімхатпен басқаратын азаматтарды тіркеу;
10) ауыл шаруашылығы техникаларына ауыртпалықтуралы анықтама беру.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) "Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттар сұрату және алу;
2) өзінің құзыреті мен өкілеттігі шегінде, мемлекеттік меншікке жататын мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. "Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Ақтөбе қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. "Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі"мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және ұйымдық шартқа сәйкес "Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін марапаттайды, материалдық көмек көрсетеді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда "Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан әрекет етеді;
5) "Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі таратылған кезде құжаттарды мемлекеттік сақтауға тапсыру үшін құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді.
"Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. "Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. "Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамаларда өзгеше көзделмесе, "Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
26. "Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50