Қазақша   Русский

RSS-лента

 

АҚПАРАТТЫ ХАБАРЛАМА

 

Ақтөбе қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі ҚР Үкіметінің        2013 жылғы 25 қаңтардағы № 35 және № 36 Қаулыларына сәйкес Республикалық бюджеттен мал шаруашылығын қолдауға берілетін субсидияларды алу мақсатында Ақтөбе қаласына қатысты ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен өтінімдер алына бастағанын хабарлайды.

Анықтама телефоны: +7/7132/ 219-677

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ҚАУЛЫСЫ №625

2012 жылғы 16 мамыр, Астана, Үкімет Үйі

 

Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы

 

Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi және «2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2011 жылғы 24 қарашадағы заңдарына сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерде мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қоса берiлiп отырған Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
К.МӘСIМОВ.

 

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2012 жылғы 16 мамырдағы №625 қаулысымен бекiтiлген

Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидалары

(doc. форматында түсіріп алу)

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50