Қазақша   Русский

RSS-лента

 

Ақтөбе қаласы әкімдігінің

2010ж. «08» ақпанындағы

№ 411 қаулысымен

БЕКІТІЛДІ

 

«Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекмесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

1.     Жалпы ереже

         1. «Ақтөбе қаласының құрылыс  бөлімі»  мемлекеттік мекемесі (одан әрі-бөлім) құрылыс нысандарын басқару қызметтерін орындауға уәкілетті атқарушы  орган болып табылды.

         2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының  Конститутциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, қала әкімінің  актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес іске асырады.

         3.  Бөлім заңды тұлға болып  табылады,  мемлекеттік тілде  жазылған  өз атауы, мемлекеттік елтаңба бейнеленген  мөрі және  мөртабаны, белгіленген  үлгідегі  бланкісі, сондай-ақ Заңнамаға  сәйкес  банктерде есепшоттары бар.

           Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатынасады. 

         4. Бөлім  заңнамамен  белгіленген  тәртіпте өз құзырындағы мәселелер  бойынша тиісті  аумақта  міндетті күші бар бұйрық  түріндегі  актілерді шығарады.

         5. Бөлімнің  құрылымы мен шаттық есебін қала әкімдігі бекітеді.

         6. Бөлімнің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 030002, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі 3.

         7. Бөлімнің толық  атауы – «Ақтөбе  қаласының  құрылыс  бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

         8. Бөлімнің құрылтайшысы  және мемлекеттік басқару органы болып мемлекет атынан Ақтөбе қаласының әкімдігі болып табылады. Бөлімнің Ережесі оның құрылтайшы құжаты болып табылды.

         9. «Ақтөбе  қаласының құрылыс бөлімі»  мемлекеттік  мекемесін қаржыландыру  қызметі жергілікті  бюджеттен іске асырылды.

- Егер мемлекеттік органға  заңнамалық актілерімен бірге кіріс әкелетін  қызметті іске асыруға құқық берілсе, мұндай қызметтен түскен кіріс  мемлекеттік бюджетке жолданады.

2.     Қызметтері, негізгі  міндеттері мен құқықтары

        10. Бөлімінің негізгі міндеттері болып табылады:

- Ақтөбе қаласының аумағында құрылыс қызметін жүзеге асыру және  инфрақұрылымды  дамыиу;

 - Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және  мемлекттік қаржылардың қатысуымен қалалық бюджеттен қаржыландырылатын коммуналдық  меншіктің басқа да ғимараттары  мен  құрылыстарын салу жөніндегі  тапсырыс  беруші – құрылысшы қызметтерін орындау;

 - Жергілікті  бюджеттен   қаржыландырылатын нысандар құрылысы және  күрделі  жөндеу саласында жылдық жоспарды жүзеге асыруға  қатысу;

 - Мемлекеттік  құрылыс саясатын негізі жөніндегі қызметті  іске асыру;

 - Тұрғындарды   әлеуметтік қызметтің  төменгі  деңгеймен  қамтамасыз ету  жөніндегі тұрғын  үй және  мәдени-тұрмыстық нысандар құрылысының  мемлекеттік бағдарламаларын  орындауды  ұйымдастыруға қатысу;

- Қазақстан Республикасы Заңнамасына қайшы келмейтін басқа да қызметтердің  орындалуын  жүзеге асыру.

         11. «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне  мынадай  негізгі  міндеттер жүктеледі:

 - Қала нысандарын салу және күрделі  жөндеуге   қалалық бюджеттен бөлінетін  қаржыларды  толық игеруді қамтамасыз ету;

 -  Қала нысандары құрылысының жобаларын әзірлеу;

 -  Құрылыс  нысандарының  сапасына бақылауды  қамтамасыз ету;

 - Нысандар құрылысының  технологиялық қызметін  ұйымдастыру  және бақылау;

 -   Мемлекеттік  нормативтерге сәйкес, мемлекеттік және жергілікті бюджеттен  қаржыландыратын объектілердің аяқталған құрылысын пайдалануға  мемлекеттік  қабылдауды  ұйымдастыру;

 -  Нысандар  құрылысының  жоспарын орындау  жөнінде  қала әкімдігі  алдына  есеп беру.

        12. Қазақстан Республикасы Президентінің  заңнамалық актілеріне  сәйкес  мемлекеттік  органның  негізгі міндеттері  мен қызметтерін  жүзеге асыру үшін  қажет құқық  Мемлекеттік  органның  құқықтары  болып  белгіленеді.

3.     Бөлімнің мүлігі

         13. «Ақтөбе  қаласының құрылыс бөлімі» ММ тікелей  басқару  құқығында  ерекшеленген мүлкі  бар.

           Бөлімнің мүлігі оған  мемлекет берген  мүлік  есебінен  қалыптасады  және  негізгі қорлар  мен  айналым  құралдарынан, сондай-ақ басқа құралдардан тұрады, оның бағасы  «Ақтөбе қаласынң құрылыс бөлімі» ММ балансында  көрініс табады.

        14. «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ- іне  бекітіліп  берілген тиісті әкімшілігі – аумақтық бірлік мүлігі есебінен  құрылған  мүліктер  коммуналдық меншікке жатады.

        15. «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ  өзіне  бекітіліп  берілген  мүлікті  өз бетінше  басқа  беруге немесе  басқа  тәсілмен билік  етуге  құқы жоқ.

4. Мемлекеттік органның  қызметін  ұйымдастыру

 

         16. Мемлекеттік органды  бөлім бастығы  басқарады, оны қала  әкімі заңнамада  бекітілген тәртіпте  тағайындайды  және  жұмыстан босады.

Бөлім бастығы орынбасарын  тиісті заңнамаға  сәйкес  лауазымға  тағайындайды  және одан босатады.

        17. Бөлім бастығы  мемлекеттік  органның  жұмысын  ұйымдастырады  және оған  басшылық жасайды, бөлімге  жүктелген  міндеттердің  орындалуына  және оның өз  қызметін жүзеге  асыруына  жауапкершілікте болады.

        18. Осы мақсатта  бөлім бастығы:

 - қолданыстағы заңнамаға  сәйкес  өз орынбасары мен  бөлім қызметкерлерінің  жұмыс міндеттерін  белгілейді, белгіленген  тәртіпке  қызметкерлерді  жұмысқа тағайындайды  және босатады;

- белгіленген  заңнамалық  тәртіпте  бөлім  қызметкерлеріне  тәртіптік жаза  қолданады;

- мемлекеттік  органдарда, басқа да органдарда бөлім мүддесін  қорғайды.

4.     Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

19. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының  Заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

 

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50