Қазақша   Русский

RSS-лента

 

Ақтөбе қаласы әкімдігінің

2012 жылғы «_29_»____12___  №_4075_______ қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1. «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқару функцияларын, дене тәрбиесі және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ ведомстволары:

1) «Қобыланды батыр атындағы орталық стадион» МК.

3. «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ заңды тұлға болып табылады. Мемлекеттік тілдегі Қазақстан Республикасының Елтаңбасы салынған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының  заңнамасына  сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ заңды мекен жайы: 003002, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі, 2.

10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже  «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ құрылтай құжаты болып табылады.

11.1. «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ құрылтайшысы, басқару жөніндегі уәкілетті органы Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігі болып табылады.

12. «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. Миссиясы: Мемлекеттің басқаруына қолайлы жағдай туғызу, мемлекеттік саясаттың дене тәрбиесі және спорт саласында салааралық байланыстарын дамыту.

15. «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ негізгі мақсаттары:

1) дене тәрбиесі мен спорт саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету;

2) спорттың әр түрі бойынша құрама командалары мен Қазақстан Республикасы үшін жоғары класты спортшылар мен спортшы резервтерін даярлаудың тиімді жүйесін қалыптастыру. Сондай-ақ, Ақтөбе қаласының құрама командаларын облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуы үшін қолайлы жағдайлар жасау;

3) балалар мен жасөспірімдердің спортын дамыту, тұрғындардың әр түрлі санаттары арасында - мүгедектердің, денсаулығы нашарлаған адамдардар арасында спорт жұмыстарын үйлестіру, тұрғындарды  сауықтыру мақсатында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене тәрбиесінің ғылыми негізделген жүйесін енгізу базасында белсенді демалысын ұйымдастыру;

4) дене тәрбиесі мен спортты, салауатты өмір салтын насихаттау, салада ақпаратты жүйенің қалыптасуын қамтамасыз ету;

5) дене тәрбиесі мен спорттың материалдық базасын нығайту, дене тәрбиесі мен спорт мекемесін спорт құралдарымен, жабдықтарымен, спорттық формалармен жарақтандыру;

16. Функциялары:

1) дене тәрбиесі мен спортты дамытудың қалалық бағдарламасын жасайды және іске асырады;

2)  қалалық деңгейде спорт түрлері бойынша жарыстар өткізеді;

3) спорттың әр түрі бойынша аудандық (қалалық, облыстық деңгейдегі) құрама командалардың дайындығын және олардың облыстық спорт жарыстарға  қатысуын қамтамасыз етеді;

4) Ақтөбе қаласының аумағында бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамытады;

5) мамандандырылған спорттық-оқу орындарының қызметтерін бағыттайды;

6) спорттық разрядтар мен санаттарды береді: екінші және үшінші, жастардың екінші және үшінші, жаттықтырушылардың жоғары және орта деңгейдегі екіші санаттағы біліктілікті-жаттықтырушы, жоғары деңгейдегі екінші санаттағы нұсқаушы-спортшы, жоғары және орта деңгейдегі екінші санаттағы білікті әдіскер, спорт бойынша төреші атақтарын береді;

7) бұқаралық спорт шараларының күнтізбелік жоспарын жасайды, бекітеді және жүзеге асырады;

8) Ақтөбе қаласы аумағындағы спорттық мекемелерді ұйымдастыруды үйлестіреді;

9) Ақтөбе қаласы аумағындағы спорттық шараларды өткізеді және ұйымдастыруды үйлестіреді;

10) Облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасына беретін мәліметтерді, оның ішінде Ақтөбе қаласындағы дене тәрбиесі мен спортты дамыту жөнінде беретін статистикалық мәліметтерді талдайды, түсіреді.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) мемлекеттік, облыстық, қоғамдық және басқа да коммерциялық емес дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық бағыттағы ұйымдарға белгіленген тәртіпте ұйымдық-әдістемелік және қаржылық қолдаулар көрсетуге;

2) белгіленген тәртіпте Ақтөбе қаласының Әкімдігінің мемлекеттік атқарушы органдары әкімдігінен және басқа да ұйымдық-құқықтық формаларына және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан заңды тұлғалардан, оның құзырына кіретіндерден ақпараттық мәселелер бойынша мәліметтер сұратуға және алуға;

3) белгіленген тәртіпте арнаулы көрмелер өткізуге, қатысуға және ұйымдастыруға;

4) дене тәрбиесі мен спорт мәселелері бойынша жұмысшы топтарын, уақытша шығармашылық ұжымдарды, үйлестіруші және сараптаушы кеңестерін, мүдделі ұйымдардың ведомствоаралық комиссияларын құруға шетелдіктерді қосқанда, ғылыми мекемелерді, мамандарды, сарапшыларды оқымыстыларды қосып жасалған келісім шарттары негізінде туындаған проблемаларды шешуге, зерттеуге және консультация алу үшін тартуға;

5) өз шегінде ауқымды конференциялар, семинарлар, кеңестер, кездесулер және басқа да шаралар өткізуге;

6) дене тәрбиесі мен сорт саласында жарнамалар мен баспалар қызметтерін жүзеге асыруға;

7) келісім мақсатымен «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ қызметтерін жүзеге асыруға қатысты құжаттардың жобасын қарауға;

8) «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ құзырына қатысты мәселелер бойынша сот органдарына талаптар қоюға;

9) «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге жетуге байланысты, басқа да өкілеттіліктерді іске асыруға;

10) «Ақтөбе облысы ішкі істер Департаменті» ММ – мен келісімдер бойынша, қала сыртына шығатын, арнаулы спорт делегацияларына, спортшыларға жол жүру құжаттарын ресімдеуге көмек көрсетуге;

11) белгіленген тәртіпте облыстық, аймақаралық және спорттық ұйымдар  мүддесін қорғауға;

12) Ақтөбе қаласы Әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобасын жасауға, қала Әкімдігінің қаулыларын, мемлекеттік бағдарламаларын және әлеуметтік-экономикалық даму саласының жоспарларын қалыптастыруға қатысуға;

13) дене тәрбиесі мен спорт жөнінідегі мамандардың тәжірибе алмасуына және басқа да өсу түрлеріне, симфозиумдар, конференциялар, семинарлар ұйымдастыруға, кадрлер біліктілігін көтеру мен қайта даярлауға, даярлауға бағдарламалар жасауға, бекітуге және үйлестіруге;

14) белгіленген тәртіпте бұқаралық спорт және дене шынықтыру-сауықтыру шараларына қатысуды қамтамасыз етуге материалдық нормалық шығындарын бекітуге;

15) қалалық спорт шараларын, спорт жарыстары мен жиындар өткізуге қаржыларын топтастыруды жүзеге асыруға;

16) белгіленген тәртіпте спорттық және құрметті атақтарды беруді, медальдармен,белгілермен,дипломдармен,жүлделермен,грамоталармен, бағалы сыйлықтармен жеңімпаздарды және қалалық спорт  және басқа да шаралар жүлдегерлерін марапаттауды, жаттықтырушы-оқытушылар құрамына санаттық атақтар беру мәселелерін шешуге.  

3. «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ

қызметін ұйымдастыру

18. «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ басшылықты, жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге  асырады.

19. «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ басшысын Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ басшысы:

1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, бөлімге жүктелген міндеттерді орындауға және өз функциясын жүзеге асыруға жеке жауапкершілікті көтереді;

2) «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ құрылымдық бөлімшелерінің міндеттерін және өкілеттіліктерін белгілейді;

3) бөлім қызметкерлерін заңдылықтарға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;

4) белгіленген заңдылықтар тәртібі бойынша бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;

5) қызметтік құжаттарға қол қояды;

6) бөлімнің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

7) «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқауларды бекітеді;

8) заңға сәйкес өзге да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

«Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21. «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымына тағайындалатын және лауазымынан босатылатын бөлім басшысы басқарады.

4. «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ мүлкі

22. «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

23. «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

25. «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ болып табылады.

5. «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ ұйымдастыру және тарату

     26. «Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50