Қазақша   Русский

RSS-лента

Бас маман (01)

E-R-4

Талаптары

Міндеті (қажеті)

Білімі

Білімі - жоғары педагогикалық (дене тәрбиесі). Орта кәсіптік педагогикалық (дене тәрбиесі)білімімен жіберіледі.

Кәсіби құзырлығы

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының  "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы                                №1567 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшілерiнiң ар-намыс Кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi), осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын  білуі қажет.

Практиқалық

тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес, не осы санаттағы нақты лауазымының функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Қызметтік міндеттері

Дене тәрбиесі және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; бөлім бастығы болмаған кезде соның орнында болады; құжаттардың уақытылы және сапалы берілуін бақылайды; жарыстарға әзірлікке сәйкес спортшыларға жағдай туғызады және олардың өңірлік, облыстық іс-шараларға қатысуын қамтамасыз етеді;

Дене тәрбиесін дамытуға және халықты дене шынықтырумен үнемі шұғылдануға тартуды және үйлестіруді іске асырады;

Спортшыларды медикті – биологиялық қамтамасыз етуге бақылауды іске асырады;

Балалар – жасөспірімдер спорт мектептерінің, спорт клубтарының және басқа да спорт ұйымдарының желісін дамытуды және олардағы оқу – жаттығу процесін ұйымдастыруды үйлесітреді;

Өңірде қалалық  спорттық іс – шаралардың өтуін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, сондай-ақ облыс аумағында өтетін республикалық және халықаралық  жарыстардыөткізуге көмектеседі;

Дене шынықтыру және спорт саласында қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау біліктілігін көтеру мәселелерін үйлестіреді.

Спорт түрлері бойынша федерациялармен өзара байланысты жүзеге асырады. 

 

 

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50