Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе қаласы әкімдігінің

2016 жылғы «20» желтоқсандағы

№ 5490 қаулысымен

бекітілген

«Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі»мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1.  «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қала бюджетінің орындалуы, Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлігін басқару және коммуналдық мүліктің пайдаланылуын бақылаусаласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2.  «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4.  «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі Қазынашылық комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаменті» мемлекеттік мекемесінде шоттары болады.

5.  «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарғаөз атынан түседі.

6.  «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7.  «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретініңмәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

8.   «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат саныныңлимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9.  Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 030006, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50.

10.       Мемлекеттік органның толық атауы - «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11.       Осы Ереже «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12.       «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13.       «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер«Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесізаңнамалық актілермен кірістерәкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекет бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14.   «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:бюджеттің орындалуы, Ақтөбе қаласының коммуналдық меншігін басқару саласындамемлекеттік саясатты іске асырады.

15.   Міндеттері:

1) бюджет қаржыларын пайдалану тиімділігін арттыру және «бюджеттік масылдықты» қысқарту;

2) жергілікті бюджеттің орындалу процесін жетілдіру;

3) Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлкін басқарусаласындамемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.

16.   Функциялары:

1) бюджеттің орындалуы, қала бюджетінің орындалуы бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу, бюджеттік есеп және бюджеттік есеп беру саласындағы уәкілетті органы болып табылады;

2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларына сәйкес, түсімдер және төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жиынтық жоспарын әзірлейді;

3) қаржыландыру жоспары бойынша әрбір айларға бөлінген жылдық сомаларға талдау мен бағалау жүргізу арқылы бюджеттің орындалу мониторингін жүзеге асыруы, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларына енгізген өзгерістерінің негізділігін қарап, қаржыландыру жоспарларының орындалмау себептерін анықтау, белгіленген уақытта қала бюджетінің орындалу туралы есебін әзірлейді;

4) өткен қаржы жылына қалалық бюджеттің орындалуы туралы есеп әзірлеу және оны қаланың жергілікті өкілді органының қарауына енгізу;

5) қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің төлемдер және міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізген өтінімдерін қарау, түсімдер жиынтық жоспарына, төлемдер және міндеттемелер бойынша жиынтық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді және төлемдер мен міндеттемелер жиынтық қаржыландыру жоспарының сомасына сәйкестігін тексеруді жүргізеді;

6) мемлекеттік мекемелердің билігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан алатын қаржылай түсімдері мен шығындары, демеушілік, қайырымдылық көмектен түскен түсімдер мен шығындар туралы жоспарларының бюджеттік қаржылары бойынша қаржылық жоспарларының орындалуы туралы қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептерін қабылдау және тексеруді жүзеге асырады;

7) жоғары тұрған бюджеттерден түскен нысаналы трансферттер есебін жүргізеді, республикалық және облыстық нысаналы трансферттердің пайдаланылуы туралы есеп жасайды;

8) облыстың бюджеттің орындалуы бойынша өкілетті органына ағымдағы нысаналы трансферттердің, несиелер және даму нысаналы трансферттердің іске асырылуы мониторингі нәтижелері туралы есеп жасайды;

9) облыс бюджеттің орындалуы бойынша өкілетті органына бюджет мониторингінің нәтижелері бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері есептерінің негізінде бюджеттің орындалуы туралы аналитикалық есепті белгіленген мерзімде қалыптастырады және ұсынады;

10) бюджет қаражаттарын басқару бойынша облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының қызметінің тиімділігін бағалау Әдістемесіне сәйкес, қаланың жергілікті атқарушы органының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша бюджеттік қаражаттарды басқару бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауды жүзеге асыру үшін сенімді және толық ақпарат ұсынуды жүзеге асырады;

11) қала әкімдігінің резервінің қаражаттарының пайдалану есебін жүргізеді және тиісті кезеңге резервтің пайдаланылуы мен қалдықтары туралы ақпаратты облыстың бюджетті орындау бойынша уәкілетті органға ай сайын жібереді;

12)  жыл сайын салық салу мақсатында мүлікке бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді;

13)       өз құзыреті шегінде Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлкін басқару саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік және құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;

14)       Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлікін басқару, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

15)       Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүлікті жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға беру;

16)       Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлкінің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;

17)       Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлкін Ақтөбе қаласының коммуналдық заңды тұлғаларына бекіту жұмыстарын ұйымдастыру;

18)       жергілікті атқарушы органның шешімімен Ақтөбе қаласының коммуналдық заңды тұлғаларының, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің құрылтайшылары (қатысушылары) ретінде қатысу;

19)       Ақтөбе қаласының коммуналдық меншігіне айналған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте коммуналдық меншікке өтеусіз өткен иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, мәдени құндылықтарға жататын заттары жоқ көмбенің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;

20)       Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлкін сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлік басқарушының міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асыру;

21)       Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлкін жекешелендіруді ұйымдастыру, оның ішінде жекешелендіру рәсімін ұйымдастыру үшін делдалды қатыстыру, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасауды жүзеге асыру;

22)       жергілікті бюджет есебінен ұсталатынАқтөбе қаласының мемлекеттік заңды тұлғаларының мүлкін есептен шығарылуына келісім беру;

23)       Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлкін есепке алу мен түгендеуді жүргізу;

24)       коммуналдық меншікті жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен басқасына беру бойынша қажетті шараларды жүзеге асыру;

25)       Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлкін мемлекеттік мекемелерге және кәсіпорындарға өтеусіз пайдалануға беру туралы шешім қабылдайды;

26)       Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлкін жекешелендіру туралы шешім қабылдау жөніндегі функциялардан басқа, Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлкін сату бойынша сатушының (мүлікті иеліктен алуды жүргізетін тұлға) функциялары мен өкілеттіктерін жүргізу;

27) мемлекеттік мүліктің мақсатқа сай пайдаланылуын бақылауды және артық, пайдаланылмаған немесе мақсатқа сай пайдаланылмаған мүлікті алып қоюдыҚазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнамасы айқындайтын тәртіпте жүзеге асырады;

28) Ақтөбе қаласының коммуналдық меншігіндегі нысандарға жер актілерін, техникалық паспорттарын әзірлеу және оларды әділет органдарында тіркеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

17.   Құқықтары мен міндеттері:

1)  қаланың орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарын әзірлеуге қатысуға;

2)  «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін өзінің құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, мемлекет қатысымды бар заңды тұлғалардан және басқа ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

3)  Ақтөбе қаласының коммуналдық меншігін иелену, пайдалану, сондай-ақ заңнамалық актілермен қарастырылған жағдайларда басқару;

4)  «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен функцияларға қатысты, сондай-ақөз құзіретіне сәйкес қала әкіміне, қала әкімінің жетекшілік етуші орынбасарына коммуналдық меншікті мемлекеттік басқару және бюджетті атқару бойынша тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізеді;

5)  «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесініңқұзырындағы мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің және мәслихат шешімдерінің жобаларын ұсынады; 

6) басқа да атқарушы билік органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің басшылары мен мамандарын тарта отырып, оның құзырына жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңеске қатысу, шақыру;

7) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын жасау;

8) қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен бухгалтерлік, қаржылық және мекеменің құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша бюджеттің орындалуын ұйымдастыру жөнінде ақпаратты сұрату және алу;

9) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасауға, олар бойынша өзара міндеттердің талаптары мен сипатын анықтау;

10) арнайы білімдер мен қабілеттерді қажет ететін мәселелерді зерделеуге, кеңестер алу үшін кеңесшілерді (тәуелсіз сарапшыларды) тарту;

11) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға, сәйкес іс-шаралар жоспарын әзірлеуге, сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша өңірлік және қалалық іс-шаралар жоспарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуге;

12)       Мүлікті иесіз қалған деп танып, одан әрі коммуналдық меншікке беру, сондай-ақ «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзіретіне енетін мәселелер бойынша Ақтөбе қаласы әкімінің және әкімдігінің мүддесін қорғау үшін сотта қарсылық көрсету-талап-арыздық жұмысты жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы менАқтөбе қаласының әкімі және әкімдігінің актілерінесәйкес сот актілеріне уақтылы шағымдану шараларын қабылдауға;

13)       іс бойынша тарап ретінде тікелей қатысқан азаматтық сот істеріне мониторинг жүргізу, сондай-ақ сотқа арыз беруге әкеп соқтырған себептерді анықтау мақсатында осы істерге талдауды жүргізе отырып, кейін қала әкіміне ақпарат пен тиісті ұсыныстар беруге;

14)       егер мәселе «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне тиесілі болса,«Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің,сондай-ақ Ақтөбе қаласы әкімінің және әкімдігінің атына жолданған прокурорлық ықпал ету, тексеру комиссиясының, қаржылық бақылау актілерін қарастыруға, оларға жауаптар дайындау және олар бойынша талдау мен мониторинг жүргізу, олардың нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтарды келешекте болдырмау мақсатында әкімге тоқсан сайын ұсыныстар енгізу;

15)       «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атына келіп түскен немесе қала әкімінің, орынбасарларының тікелей тапсырмасы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мерзімде жауап әзірлеу және жолдау..

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18.       «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі»мемлекеттік мекемесінбасшылықты «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшысы жүзеге асырады.

19.       «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қызметке Ақтөбе қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20.       «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын жәнеқызметтен босатылатын орынбасары болады.

21.       «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1)  «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

2)  қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3)  Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және ұйымдық шартқа сәйкес «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін марапаттайды, материалдық көмек көрсетеді, оларға тәртіптік жаза қолданады;

4)  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атынан әрекет етеді;

5)  «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі таратылған кезде құжаттарды мемлекеттік сақтауға тапсыру үшін құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді.

«Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22.       Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

23.       «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24.       «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік Ақтөбе қаласының коммуналдық меншігіне жатады.

25.       Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

26.       «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50