Қазақша   Русский

RSS-лента

Құрметті күйеу жігіт пен қалыңдық!

Бүгін сіз неке қию туралы өтініш бердіңіз, осылайша өзіңіздің отбасыңызды, өзіңіздің кішкентай әлеміңізді құру жолындағы алғашқы қадам жасадыңыз! Ал сіз онда жайлы және бақытты болуыңыз тек сіздерге байланысты.
Отбасылық қарым-қатынастардың негізгі заңдылық құжаты 2011 жылғы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі болып табылады. Онда отбасылық өмірде пайда болуы мүмкін көптеген маңызды сұрақтарға жауап табуға болады. Отбасылық қарым-қатынасқа енуші жастардың құқықтық сауаттылығы бұл отбасындағы өзара қатынастарды бастапқыдан дұрыс қалыптастыру мүмкіндігі болып табылады.

Неке құрушылар үшін білу маңызды:

- Неке отбасын құру мақсатында неке құрушылардың тек өзара келісімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Ешбір жағдайда неке құру үшін мәжбүрлеуге жол берілмейді. Мұндай неке кейіннен жарамсыз болып табылуы мүмкін.
- Өзара келісім бойынша неке құрушылар медициналық-генетикалық мәселелер бойынша, сондай-ақ ұрпақты болу денсаулығын қорғау мәселелері бойынша (дені сау баланың бітуі, оны көтеру және туу мүмкіндігі) медициналық кеңес алу және зерттеуден өту мүмкін. Осындай зерттеулердің нәтижелері азаматтың неке құруға ниет білдірген тұлғасына оның келiсiмiмен хабарлануы мүмкін.
Неке қию тіркелгеннен кейін неке құрушыларда ерлі-зайыптылардың мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен міндеттері пайда болады.
- Біріншіден, бұл, отбасында ерлі-зайыптылардың теңдік құқығы, яғни, ерлі-зайыптылар тең құқықтарға ие болып, тең міндеттерді атқарады.
- Текті таңдау құқығы, ерлі-зайыптылар олардың біреуінің тегін ортақ тек ретінде таңдай алуы немесе олардың некеге дейінгі тегінде қалуы болып табылады. Сондай-ақ, өз тегіне жолдасының тегін сызықша арқылы қосып, осылайша қос тек иесі атану мүмкіндігі бар.
- Отбасындағы мүліктік құқықтар мен міндеттерін анықтау үшін неке құрушылар неке шартын жасай алады. Некеге тұрмас бұрын немесе некеде тұрған кезде кез келген уақытта нотариуста шарт жасасу мүмкін.
Болашақ жұбайлардың ең маңызды парызы отбасындағы қарым-қатынасты өзара сыйластық және өзара көмек негізінде орнату, отбасының әл-ауқатын ықпалдау және нығайту, өз балаларының денсаулығына, олардың дамуы мен әл-ауқатына қамқорлық ету парызы және т.б.
Той - бұл әрбір адамның өміріндегі ең бақытты күні деп аталып кеткен. Ал бұл таң қаларлық емес: осы күні сіз махаббат, нәзіктік және ОТБАСЫЛЫҚ бақытқа толы жаңа әлемге енесіз.
Неке тіркеу күні Сіз бір-біріңіздің, отбасы, ата-ана, қоғам, мемлекет және сіздің балаларыңыздың болашағының алдында үлкен қарыз аласыз. Отбасын құру - Сіздің өміріңіздегі ең маңызды және бірегей шешімдердің бірі және ерекше жауапкершілікті талап ететін өте маңызды қадам болып табылады.
Отбасындағы жақын тұрақты қатынастар – бұл күрделі жүйе, өйткені, отбасы - бұл тірі ағза. Ол жүйеде тиімді және ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуге мүмкіндік беретін, өзара іс-қимыл тетіктері, жұмыс істеу қағидалары бар.
Отбасын сақтау үшін, отбасында үлкендерге, ата-аналарға құрмет, ерлі-зайыптылардың бір-біріне сүйіспеншілігі болуы және балаларды құрмет пен даңқта тәрбиелеуі қажет.
Әке мен ана бір-бірін және балаларды жақсы көретін, Сіздің отбасы шын мәнінде бақытты болсын. Сіздің балаларыңыз бақытты отбасының қандай екенін білсін. Сіздің бақытты отбасылық өмірдің мысалы, болашақта олардың мақсаты мен мұратына айналсын.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50