Қазақша   Русский

RSS-лента

Құрметті азаматтар!

Шетелдіктермен неке қиюшы Қазақстанның азаматтары осындай жұп жасасудың ықтимал құқықтық және әлеуметтік салдары туралы хабардар болуы және ескертілуі тиіс.
Біріншіден, шетелдіктермен неке құрудан бұрын сіздің болашақ жұбайыңыз (зайыбыңыз) азаматы болып табылатын елдің азаматтық және отбасылық құқықтың ерекшеліктерімен танысуды ұсынамыз. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері, оның ішінде ортақ балаларға қатысты, сондай-ақ осындай некені бұзудың құқықтық салдарына ерекше көңілді аудару қажет.
Бұл, осы некеде туған балалардың құқықтары, сіздің құқықтарыңызды бұзумен байланысты, кез келген мәселелерді шешуде дұрыс көзқарас пен мінез-құлыққа дайын болу үшін, өмірдегі нақты жағдайда туындауы мүмкін көптеген жағымсыз сәттерді болдырмауға мүмкіндік береді.
Кейбір елдердің заңдары бойынша, шетел азаматтарымен некеге тұратын кезде олардың елінің азаматтарының некеге жарамды деп тану жөніндегі осы мемлекеттің құзыретті органының рұқсатын алуды талап етеді. Тиісінше, осы келісімсіз тіркелген неке Сіздің таңдау жасалған азаматтың елінде танылмауы мүмкін және басқа да көптеген күрделі жағдайлар тудыруы мүмкін, ол кезде некеге тұрған адамның кез келген құқықтарын қорғау туралы айту айтарлықтай қиын болады.
Шетел азаматымен Қазақстанның азаматы Қазақстанның аумағында кез келген Азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) бөлімінде, Қазақстанның шетелдегі консулдық мекемелерінде неке жасасуы мүмкін. Мұндай жағдайларда, неке тіркелгеннен кейін сіз Қазақстан заңнамасының талаптарына сәйкес құжат (басқа сөзбен айтқанда, Қазақстанның үлгісі бойынша) аласыз.
Шет мемлекеттерінің уәкілетті органдарында неке қиған жағдайда сіз Қазақстан аумағында оны пайдалану үшін заңдастыру немесе апостиль қою қажет етілетін құжатты аласыз. Қазақстан аумағында мұндай некені қайта тіркеудің қажеті жоқ, бұдан бұрын көрсетілгендей сіздің құжатыңызды апостильдеу немесе заңдастыру жеткілікті болады.
Шетелдікпен некені тіркеу үшін болашақ ерлі-зайыптылардың жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсету қажет. Шетелдік, басқа мемлекеттiң аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам, жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынумен қатар, нотариалды куәландырылған оның мәтінінің қазақ немесе орыс тіліне аудармасын қамтамасыз ету қажет. Мұндай құжаттардың мәтінін аударуыдың дұрыстығы дипломатиялық өкілдікте немесе консулдық мекемеде, шетелдіктің азаматтығы немесе азаматтығы жоқ адамның тұрақты тұратын мемлекеттің Сыртқы істер министрлігімен куәландырылған болуы мүмкін.
Сонымен қатар, бұрын тіркелген неке (азаматтар бұрын некеде тұрса), тоқтатылғанын растайтын құжаттар (болмаса – некеге қабілеттік туралы анықтама) табыс етілуі тиіс.
Шетелдік, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында болу заңдылығын растайтын құжатты ұсынуы керек.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50