Қазақша   Русский

RSS-лента

Құрметті ата-аналар!

Шын жүректен сізді жаңа өмірлік мәртебеңізбен құттықтаймын, осы күннен бастап Сіз ана және әке атандыңыз! Өмірге жаңа адам келді, ол Сіз және сіздің жалғасыңыз болып табылады! Оның пайда болуымен көп қамқорлық және істер пайда болды! Оның пайда болуымен жаңа құқықтар мен жаңа міндеттер пайда болды!

Ата-ана ретінде Сізге білу маңызды:

- Ата-аналар өз балаларына қатысты тең құқықты және тең міндеттер атқарады.
- Балаңыздың туу фактісі міндетті түрде тіркелуі тиіс. Ел өзінің әр азаматы туралы білуі қажет, тіпті ең кішкентайы туралы! Тууды тіркеу туралы өтініш Сіздің сәбиіңіз туғаннан кейін үш күн ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелеріне, электронды портал «egov.kz» немесе Азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) бөлімдерінде беріледі.
- Балаңызға қандай есім беретініңіз туралы ойланыңыз.
Баланың тегі ерлі-зайыптылардың ортақ тегімен берілуі мүмкін, анасы немесе әкесінің тегі әр түрлі болса, олардың біреуінің тегі бойынша берілуі мүмкін. Тегін ұлттық дәстүрге сәйкес, оның әкесі немесе атасының атынан тағайындауға болады.
Баланың аты оның ата-анасының келісімімен беріледі. Егер ата-аналардың келісімі жоқ болса, олардың дауы сотта шешілуі мүмкін.
Баланың әкесінің аты баланың әкесі ретінде жазылған адамның атымен беріледі.
- Ата-аналар өз баласының физикалық, психикалық, адамгершілік және рухани дамуына қажетті өмірлік жағдайлар қамтамасыз етуі тиіс, олар өз баласының денсаулығына қамқорлық етуі керек.
- Ешбір жағдайда балаға зорлық көрсетуге жол берілмейді, ата-ана құқықтарын тиісті емес деңгейде атқару немесе оларды асыра пайдалану, заңнамамен қарастырылған жауапкершілікке, оның ішінде қылмыстық жауапкершілікке де әкеп соғады.
- Тәрбие беру мәселелерінде ата-аналар, барлық басқа тұлғалардың алдында өз баласын тәрбилеуде құқығы басым.
- Оған білім беру мәселелерінде ата-анасы балаға міндетті орта білім беруді қамтамасыз етуі тиіс, сондай-ақ баланың көзқарасын ескере отырып, жалпы орта білім алғанға дейін баланы оқытатын білім беру ұйымын және нысанын таңдауға құқығы бар.
- Баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғау
Ата-ана өз баласының заңды өкiлдерi болып табылады және кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның iшiнде соттарда арнайы өкiлеттiксiз оның құқықтары мен мүдделерiн қорғайды.
Өкінішке орай, әр түрлі өмірлік жағдайларға және себептерге байланысты жекелеген жағдайларда ата-аналар некелерін бұзады және бала ата-ананың біреуімен ғана, әдетте анасымен қалады. Бұл ретте кәмелетке толмаған баларды асырау екі ата-ананың да міндеті болып қалады.
-Ата-аналары ажырасқаннан кейін балаларды асырау қалай жүзеге асырылады ?
Ата-аналар балаларды асырауға алимент төлеу туралы келісім жасасуы не алимент өндіріп алу туралы арызбен сотқа жүгінуі мүмкін, онда өндіріп алушының, яғни ата-ананың біреуінің пайдасына тиісті шешім сот бұйрығы шығарылады. Ата-ананың екіншісі борышкер болып, алимент төлеуге міндеттеледі.
-Баладан бөлек тұратын ата-ана.
Осындай ата-ананың баласымен қарым-қатынаста болуға, оның тәрбиесіне, білім алу және басқа да бала үшін маңызды мәселелурдің шешілуіне қатысуға құқығы бар. Ал, баламен тұратын ата-ана екінші ата-ананың баламен араласуына кедергі болмауы керек.
-Баланы асырауға кететін қосымша шығындарға ата-аналардың қатысуы
Баланы асырауға кететін қосымша шығындарды ата-аналар екі жақты келісіммен алады не оны сот белгілейді.
- Баланың мүддесін ескере отырып, ерлі-зайыптылардың ажырасуы кезінде ортақ меншiкті бөлу.
Тек қана балаларға арнап сатып алынған заттар, бөлуге жатпайды және балалармен бірге тұратын ата-анаға беріледі. Ерлi-зайыптылармен ортақ кәмелетке толмаған балаларының атына жасалған жарналар, осы балаларға тиесілі болып саналады және ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде қарастырылмайды.
- Бала өзінің заңды мүдделерін қорғауға құқығы бар. Және оларды бірінші болып – ата-аналар, Сіздер қорғау керексіз.
Сіздің балаңыз өседі және біздің еліміздің лайықты азаматы болады. Ал қазір ол жай ғана дүниеге келіп, анасы мен әкесін бақытты етті! Кішкентай сәбиі үшін жауапкершілікті сезінетін ата-аналары, әжелері мен аталары үшін, есімі - сіздің сәби болып табылатын, ең жас керемет үшін оның өмірінің алғашқы айлары өте маңызды. Осы сәттер ең қуанышты жаңалықтар, өмірді құру, жеке тұлға қалыптастыру ретінде барлығының есінде қалсын. Сіздің балаңыздың дені сау және бақытты болып өссін!

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50