Қазақша   Русский

RSS-лента

Өзекті ақпарат

Өздеріңіз білетіндей, 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Респуликасының Жорғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық Заңды қабылдады.
Тәуелсіздік алған сәттен бері арада 25 жыл өтті. Алайда, осы аз ғана жылдың ішінде бір ғасырда жүзеге сырылатын жетістіктерге қол жеткізіп үлгерді.
Конституция (Негізгі Заң) қабылданып, елдің Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бекітіліп, ұлттық валютамыз енгізілді. Біздің еліміздің шекарасы бекітілді. Кең ауқымдағы экономикалық, әлеуметтік саяси реформалар қабылданды. Жаңа астанамыз - Астана қаласы – Қазақстанның мақтанышы мен елдің динамикалық дамуының символы қаланды. Мұның барлығы Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық және саяси ұстанымының арқасы мен талантты қазақ халқының еңбекқорлығының арқасында жетті.


Міне бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау қарсаңында, Ақтөбе қаласының АХАТ бөлімінің қызметкерлері Батыс-Қазақстан медиациялық орталығымен бірлесе отырып, АХАТ бөлімінің салтанатты неке қию залында 15.12.2016 жылы сағ.15:00-ден бастап жас жұбайларға неке қию куәліктері беріліп, оларға естелік сыйлықтары табыс етілді.

2016 жыл – барлық қазақстандықтар үшін елеулі жыл. Еліміз тәуелсіздігінің 25 жылдығына қадам басты. Тәуелсіздік жылдары ішінде көптеген табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі.
Біздің қасиетті де қастерлі Мәңгілік еліміздің жолында, қазақстандықтарды алда әлі де көптеген жаңа табыстар мен жетістіктер күтуде.

  

Бүгін, яғни 12 желтоқсан 2016 жылы «Ақтөбе қаласы АХАТ бөлімі» ММ медициналық мекемелер өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының бір қатар өзгерістер енгізілген заңнамаларын талқылау» және «Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаты туралы» тақырыптарында семинар өткізді.
«Ақтөбе қаласы АХАТ бөлімі» ММ-нің облыс орталығының медициналық мекемелерімен тығыз қарым-қатынасының оң тәжірибесі қалыптасқандығын атап өткен жөн. Ынтымақтастық әртүрлі семинар-жиналыстар, «дөңгелек үстелдер» бірігіп жүргізілуінен байқалады.

Аталған семинарға медициналық мекемелерінің бас дәрігерлерінің орынбасарлары мен статисттері, Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының өкілдері және Халыққа қызмет көрсету орталығының Ақтөбе қаласы бойынша бөлім басшылары қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты: туу және қайтыс болуды тіркеу сапасының қамтамасыз ету сұрақтарының толық қамтылуы бойынша өндіру және ортақ шаралар қабылдау. Ақтөбе қаласы бойынша туу мен қайтыс болуды тіркеу бойынша 2016 жылдың 2-ші жартыжылдығының нәтижелерінің мониторингы талқыланды. Туу мен қайтыс болу туралы медициналық анықтамаларды толтыру барысындағы жіберілетін қателіктерге медициналық қызметкерлерінің назары аударылды. Сонымен қатар, аталаған семинар барысында «Гендерлік саясат» тақырыбы да қозғалып талқыланды.
Мәселен, тәуелсіздік жылдары кезінде Қазақстан республикасы гендерлік саясатын жүзеге асыру барысында тиісті прогресске жеткені аталып өтті. Басты кезеңмен, бұл әйелдердің сапалы білім алуға және денсаулық сақтауға, аналықты жан-жақты қорғауға бірдей қол жеткізуге қалыптасуды құрды.
Бұл жерде Ақтөбе қаласының әйелдер істері комиссиясы және отбасылық-демографиялық саясаты басты рөл атқарады.
Әйелдердің биліктің өкілдік органдарында қатысуы өсіп келе жатқанын атап өткен жөн. Ақтөбе қаласының Құрайлы селолық округін әкім-әйел басқарады, статистика мәліметтері бойынша қалалық маслихатта әйелдер-депутаттарының үлесі де артып келеді.
Бұның бәрі отбасының, әйелдердің және балалардың қызығушылықтарына қатысты бағдарламарын тезірек жүзеге асыруға мүмкіншілік береді.

Қазақстан халқы, еліміз үшін өте маңызды мерекелердің бірі – Конституция күні. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум негізінде еліміздің негізгі Заңы қабылданды. Міне, биыл Ата заңымызға 21 жыл толып отыр.
Республика Конституциясы халықтар бірлігін бекітті, Қазақстан жерінде жалпы тарихи тағдырмен байланысқан барлық ұлттарды біріктірді, барлық Қазақстандықтарға түсінікті және жақын жалпы құндылықтарды белгіледі.

29 тамыз – Семей ядролық полигонының жабылған күні. 1991 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» № 409 Жарлығымен қазақ даласын талқандап, талайдың жанына жазылмас жара салып келген Семей ядролық полигоны жабылды. Халыққа қаншама қасірет әкелген ядролық сынақ алаңын жабу арқылы қазақ елі әлем назарын өзіне аударды. Сөйтіп ядролық қарусыздануды қолдаған Қазақстан бейбітшілік жолын таңдауымен жаһанға таныла бастады. 1993 жылы Қазақстан Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімшартқа қол қойды. Арада уақыт өте келе дәл осы күннің Қазақстан бастамасымен Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні болып табылды.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50