Қазақша   Русский

RSS-лента

1. Жалпы ережелер

1. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасынң мемлекеттік органы болып табылады.  

2. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүргізеді.

3. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекеме құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 030006, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Джангельдина,55

9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже «Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

10.1. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы және басқару жөніндегі уәкілетті органы Ақтөбе қаласы әкімдігі болып табылады.

11. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

12. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекеме кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекеме функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекеме заңнамалық актілермен кірістерәкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берлісе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі миссиясы:

  • тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту бағдарламасын әзірлеу және оны сәйкесінше жергілікті өкілетті органға бекітуге ұсыну, оның жүзеге асуын қамтамасыз ету;
  • өзіне қарасты аумақта тұрғын үй қорын сақтау және тиісті дәрежеде қолдану бойынша шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
  • тұрғын үй қоры саласына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру;
  • өзіне қарасты аумақта кондоминиум объектілерін басқару органдарының тұрғын үй қорын сақтау және тиісті дәрежеде қолдану бойынша қызметіне бақылау жөніндегі тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастыру;
  • жергілікті бюджет қаржысы есебінен тұрғын үй көмегін көрсету бойынша шаралар қабылдау;
  • кондоминиум объектілерін әділет органдарында тіркеу кезінде техникалық төлқұжат дайындау шығындарын жергілікті бюджет қаржысы есебінен өтеуді қамтамасыз ету;
  • тұрғын үй қатынасы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасын қолдану мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету;
  • кондоминиум объектісінің ортақ мүлігін техникалық тексеруді ұйымдастыру;
  • кондоминиум объектісін күрделі жөндеудің жүргізілетін түрлерінің тізбегі мен кезегін анықтау;
  • үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің жалпы жиындарына кооператив басқармасы төрағасының лауазымына кандидатура ұсынады;
  • кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктерін күтіп-ұстау ережесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқару органы мен шекті тұтынушыларға коммуналдық қызметтер жеткізетін нарық субъектілері арасындағы әріптестік туралы типтік келісім-шарттарды әзірлейді және жергілікті өкілетті орган қарауына ұсынады;
  • тұрғын үй қатынастары саласындағы бағдарламаларды және мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді және жергілікті өкілетті орган қарауына ұсынады, сондай-ақ орындалуын жүзеге асырады;
  • өз өкілеттігі шеңберінде тұрғын үй қатынасы саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, нормативтік-техникалық құжаттамаларды әзірлейді және бекітеді;
  • тұрғын үй қатынасы саласында басқа да мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынас жасайды;
  • тұрғын үй қоры жағдайына сараптама жасайды;
  • өз өкілеттігі шеңберінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлігін күтіп-ұстауға шығындар сметасын есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
  • кондоминиум объектісін басқарудың типтік келісім-шарт формасын бекітеді;
  • тұрғын үй инспекциясы ұсынған үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің кооперативі басқармасының төрағасы кандидатурасына қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
  • үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің жиыны хаттамасының және үй-жайлар (пәтерлер) иелері арасында жазбаша сұрау өткізу кезіндегі дауыс беру парағының, кондоминиум объектісін басқару бойынша есептің типтік формаларын әзірлейді және бекітеді;
  • Бөлім Ақтөбе қаласының әкімдігімен жүктелген және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
  • қажеттілік болғанда, тәуелсіз сарапшыларды, аудиторларды және кеңес берушілерді мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты жұмыстарға қатысуға және жүргізуге тартуға;
  • әкімге (әкімдікке) Ақтөбе қаласының кондоминиум объектілерін тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар енгізуге.
    • бөлім қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады, барлық мекемелерде, кәсіпорындарда және ұйымдарда оның өкілі болады;
    • өз және мекеменің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
    • заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады;
    • заңнамада бекітілген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;
    • мемлекеттік органның актілеріне қол қояды;
    • өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, тапсырмалар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
    • сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер бойынша дербес жауапкершілікте болады;
    • заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

14. Мақсаттарға қол жеткізу үшін Бөлім келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  • кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлігіне күрделі жөндеу жүргізу бойынша шығындар сметасымен келісу;

15. Қызметтері мен міндеттерді жүзеге асыру үшін Бөлім келесі құқықтарға ие:

  • қызметтік куәліктерін ұсынған жағдайда тексеру жүргізу кезінде тексеру объектісіне енуге;
  • тексеру жүргізу кезінде тексеру затына қатысы бар кез-келген қажетті ақпарт сұратуға, құжаттардың түпнұсқаларымен танысуға,
  • Ақтөбе қаласының әкіміне Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге;
  • Бөлім құзыреті мәселелері бойынша бекітілген тәртіпте әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің және мәслихаттың шешімдерінің жобаларын ұсынуға;
  • өз құзыретіне енетін мәселелер бойынша бекітілген тәртіпте басқа да атқарушы билік органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің басшылары мен мамандарын тарту арқылы жиналыстарға қатысуға, өткізуге;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыруға;

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

16. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекеме басшылықты «Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекеме жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын болатын бірінші басшысы жүзеге асырады.

17. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Ақтөбе қаласының әкімі қызметке тағайындайды және босатады.

18. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

   19. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

«Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

     20. Бірінші басшысы өз орынбасарларын өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

21. Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекеме аппаратын Қазақстан Республикасның қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайндалатын және қызметтен босатылатын Бастық басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

22. Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

23. Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай –ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24. Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

24.1. Аппараттың мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы (бұдан әрі – мелекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган)Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі болып табылады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

26. Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50