Қазақша   Русский

RSS-лента

Баирханов Жандос Бактбекович

1982 жылы туылған. Білімі жоғары, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін жол қозғаласын ұйымдастыру және оның қауіпсіздігі жөніндегі инженері біліктілігі, Шығыс Қазақстан аймақтық университетін экономика бакалавры біліктілігі бойынша аяқтаған.
«Астана қаласының көлік және байланыс басқармасы» ММ жол қозғалысын жобалау және ұйымдастыру бөлімінің жетекші маманы, «Астана қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары департаменті» ММ жетекші маманы, бас маманы, «Шымкент қаласы әкімі аппараты» ММ тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушы көлігі бөлімінің бастығының орынбасары, бөлім бастығы, «Астана қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ автомобиль жолдарын дамыту, салу және жөңдеу бөлімінің бас маманы, «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушы көлігі бөлімі» ММ басшысы болып еңбек етті.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін, Ақтөбе қаласы әкімі аппаратаныңы әлеуметтік сала және мәдени дамыту бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

2015 жылғы 23 қазаннан бастап Ақтөбе қаласы әкімі орынбасары, 2015 жылғы 30 қарашадан бастап Ақтөбе қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

 

Алдияров Нағымжан Смағұлұлы

Н.С.Алдияров 1975 жылы туған. Білімі жоғары, М.Тынышбаев атындағы мемлекеттік қазақ көлік және коммуникациялар академиясын теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру инженері біліктілігі бойынша, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін экономика бакалавры біліктілігі бойынша аяқтаған.
«Аққайың» өндірістік кооперативінің аға бухгалтері, «Казагроөнеркәсіптікбанкі» АҚ маманы, «Багаж тасымалдары» Батыс учаскесі филиалы Ақтөбе станциясында жүк қабылдап тапсырушы, Ақтөбе бөлімі Жіңішке станциясының поезд құрастырушысының көмекшісі, Маржанбұлақ селолық округінің әкімі, Алға қалалық округінің әкімі, Алға ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.
Осы лауазымға тағайындалға дейін «Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы болып жұмыс жасады.

 

 

Оразбаева Ләззат Аманжолқызы

Л.А. ОРАЗБАЕВА 1971 жылы туған. Білімі жоғары, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін жалпы техникалық пәндер және физика, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы, құқық бакалавры, «Тұран-Астана» университетін педагогика және психология магистрі біліктіліктері бойынша аяқтаған.
Шалқар ауданында Тоғыз орта мектебінің мұғалімі, Ақтөбе қаласында №24 орта мектебінің мұғалімі, №40 орта мектебінің директоры болып қызмет атқарды.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ-нің басшысы болып жұмыс атқарды.

Зине Жұман Жүсіпұлы

Ж.Ж.ЗИНЕ 1989 жылы туған. Білімі жоғары, Қазақстан-Британ техникалық университетін техника және технология бакалавры, экономика ғылымдарының магистрі біліктіліктері бойынша аяқтаған. «Экономикалық зерттеу институты» АҚ эксперті, басқарма басшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жетекші маманы, басқарма басшысының орынбасары, «Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік-жеке әріптестік аумақтық Орталығы» ЖШС директорының орынбасары болып қызмет атқарды. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ақтөбе қаласы әкімі кеңесшісінің міндетін атқарушы болып жұмыс атқарды.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50